16 Қазан, 2013

Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат төрағасы болып сайланды

424 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

16 10-KasimҚасым-Жомарт Тоқаев Парламент Сенатының төрағасы болып сайланды.Бұл туралыBnews.kz хабарлады.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 1953 жылғы 17 мамырда Алматы қаласында туған.

 

1975 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын бітіргеннен кейін КСРО Сыртқы істер министрлігінде қызмет атқарды. Ал 1984-1985 жылдары Сыртқы істер министрлігінде қызметте болды. 1992 жылы Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды. Сонымен бірге, 1993 жылы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары және 1994 жылы Сыртқы істер министрі болды. 1999 жылдың наурыз айында Премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды. 1999 жылдың қазан айында Премьер-Министр лауазымына тағайындалды. Сыртқы істер министрі ретінде ядролық қаруды таратпау ісіне белсене атсалысты.

 

2011 жылғы наурызда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты Бас хатшының орынбасары және Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының Қарусыздандыру жөніндегі конференциядағы жеке өкілі рангінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Женевадағы Бөлімшесінің Бас директоры етіп тағайындау туралы шешімін жария етті. Сонымен қатар, Қарусыздандыру жөніндегі конференцияның Бас хатшысы лауазымын иеленеді. Ол БҰҰ-ның Швейцариядағы қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты аға лауазымды тұлға болып табылады.


Соңғы жаңалықтар