Әлем • 14 Шілде, 2020

Түркия Әулие София шіркеуі бойынша Еуроодақтың сынына жауап берді

1229 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу Стамбулдағы Әулие София (Айя-София) шіркеуі мәртебесінің өзгеруі туралы Еуропа Одағы тарапынан сынға жауап берді, деп жазады Egemen.kz "Риа Новости" Ресей Халықаралық ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Түркия Әулие София шіркеуі бойынша Еуроодақтың сынына жауап берді

Еуропадағы сыртқы саясат және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеф Боррель Брюссельде өткен отырыста Еуроодақ СІМ басшылары Әулие-София шіркеуін мұсылмандардың Құдайға құлшылық ету орнына айналдыру туралы шешімді қайта қарау және жою туралы ұсынысты қолдайтынын мәлімдеді.

"Біз Еуроодақ тарапынан келген сынға қарсымыз. Бұл біздің егемендігімізге байланысты тақырып. Біздің ата-бабаларымыз Айя-Софияны қалай сақтаса, біз оны дәл солай сақтаймыз. Онда намаз оқылатын болады. Бірақ әлі де келушілер үшін есік ашық. Испанияда шіркеуге айналған мешіттер бар. Мүмкін бізге оларды да қайта мешітке айналдыруды талап ету керек шығар,- деді Чавушоглу Анкарадағы журналистерге.

Естеріңізге сала кетейік, 10 шілде күні Түркияның жоғарғы әкімшілік соты Айя-София шіркеуін мұражайға айналдыру туралы 1934 жылы қабылданған шешімді жойды. Осыдан кейін Түркия президенті Тайып Ердоған шіркеуді мешітке айналдыру туралы Жарлыққа қол қойып, онда мұсылмандық Құдайға құлшылық етудің басталуы туралы мәлімдеді. Құлшылық ету 24 шілдеде басталады.

Әулие София шіркеуі  христиан императоры Юстиниан бұйрығымен салынды. 537 жылдың 27 желтоқсаны шіркеу құлшылық етуге ашылды. Мыңдаған жылдар бойы Әулие София христиан әлеміндегі ең үлкен шіркеу болды. 1453 жылда Османның Константинопольді басып алуы және Византия империясының құлауынан кейін шіркеу мешітке айналды. Бірақ 1934 жылы Түркияның негізін қалаушы Кемал Ататүріктің декреті бойынша ғимарат мұражай болып өзгертіліп, ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұрасының тізіміне енгізілді.