Құдай аузына сөз салған ақын-жазушы атаулының адам өміріндегі алар бағасын ешкім бағамдап көрмепті. Айтар сөзінің өн бойына шындықтың өзгеше айшық өрнегімен қатар сурет сәулесін түсіріп, оқырманға образды сөз сыйлағысы келген авторлардың дүниені тануымызға сіңіріп жатқан еңбегі мақтаусыз емес. Бірақ биіктігінің өлшемі белгісіз мұнара тәрізді қазақ әдебиетінің ағысы әрқашан бір қарқында бола бермейтіні тағы анық. Ол да «түлкі шығып, тазы шалған» замандағы оқырман психологиясына қарай өзгеріп отырмақ. Ой тереңін тот басқан, сезімсіз қалыпқа адами, саяси себептермен еріксіз түскен халықтың әдебиеті қандай болуы керек екеніне кейде өзіміз де жауап бере алмай жатамыз (бәлки, мұнымыз да дұрыс шығар).
Коллажды жасаған Амангелді Қияс, «EQ»
Адамзаттың рухани меншігі саналатын әдебиет, бастысы өз биігінен түспесе екен дейсің. Һәм көркемдіктен ада болмағаны шарт. Ал кім қалай, не туралы жазады – өз еркі, өз талғамы. Әйтеуір, әр қаламгер өзінше жазсын. Жақсы жазсын. Бізге һәм әдебиетке керегі, тек тәуір шығарма. Екібастан.
Бүгінгі кітап оқитын жұрт кейіпкер Қарашты жақсы таниды. Қанат Тілеуханның бұл кейіпкері баяндайтын хикаялар – біздің өміріміз. Автордың алғаш жарияланған «Қайтқан қыз» бен «Менің шешелерім» әңгімелері кітап шықпай тұрып-ақ резонанс тудырған еді. Мына өмірдің сүреңсіз һәм шынайы көріністерін суреттеген жазушы өз оқырманын тапты. Ал оқырман қаламгер шығармаларынан өзін көрді. Мінезі мен әрекетін жазбай таныды. Біреу әңгімедегі «өзінен» жиренді, енді біреу ұялған шығар, бәлки. Сөйтіп екіжақты «табысудан» кейін Қанат Тілеуханды оқушы «кішкентай» адамдардың қатары көбейді.
Ақиқатында, адамдар арасындағы қарым-қатынас ешқашан мінсіз болмайды. Әсіресе туысқандардың бір-бірімен байланысы тұнған трагедия. Қайтып келген қыз, маскүнем әке мен бетбақ шеше, бақытсыз балалық шақ, тура жолдан адасқан һәм өмірден жеңілген адамдар... Осы бір мазасыз тіршіліктің қалтарыс-бұлтарысындағы мінездерді автор шығармашылығында жақсы игерді. Өзіндік тақырыбы да, шығарманың көңіл күйі мен аурасы да оқырман есінде жатталып қалды. Тіпті кей оқырман «Қанат Тілеуханның кейіпкерлері неге бақытсыз?» деуі мүмкін. Расында, автор кішкентай адамдардың трагедиясынан басқа тақырыптарға бара ала ма? Жазуда тым шынайы Қанат Тілеуханның өзінен сұрап көрейік.
– Кішкентай адамдардың сүреңсіз тіршілігін суреттей берумен оқырманды жалықтырып жүрген жоқсыз ба? Қанат Тілеуханның алдағы уақытта тақырып ауыстыруы мүмкін бе?
– Менің кейіпкерлеріме «кішкентай адамдар» деген айдар таққанды кейбір жағдайда қабылдай алмаймын. Бүгінгі қоғамның адамдарын қал-қадерімше жазып жүрмін. Күнделікті араласатын жандарды шығармаларымнан кездестіресіз.
«Оқырманды жалықтырып алмайсыз ба?» деген сұраққа келетін болсақ, мен оқырман үшін жазбаймын. «Мына тақырып өтіп кетеді» деген оймен жазуға отырған емеспін. Өзімді толғандырған және өзім білетін дүниені қағазға түсіріп келемін. Тақырып, әлбетте, ауысады. Айтпақшы, кішкентай адам дегеннен шығады. Кеңес кезінде жазушыларымыз үлкен тұлғалармен ауырды. Ол бертінге дейін жалғасты. Әр жазушы бір-бір тарихи тұлғаға роман арнады. Әлжаппар Әбішевтің «Найзағайы» (Мәди Бапиұлына арналған), Мақан Жұмағұловтың «Қыран қазасы қияда» (Амангелді Иманов туралы), Зейтін Ақышевтің «Шынардың шыбығы» (Иманжүсіп Құтпанұлы хақында), т.б. романдарын еске алуға болады. Қайта кішкентай адамдар көп жазыла қойған жоқ. Ал қоғамда кішкентай адамдар көп. Әсіресе біздің.
– Жалпы, бұл – қарапайым адамдардың ауыр тағдырын жазу – жазушылық принцип пе, әлде өтімді тәсіл ме?
– Өтімді тәсіл деп айта алмаймын. Керісінше оқырман сынына ұшырайтын кездер де болады. «Менің шешелерімді» оқыған бір композитор: «Қазақ аналары сіз жазғандай емес, олар шеттерінен мейірбан», деп ренжіді. «Қайтқан қызды» оқыған кейбір замандастар «қазақ қыздарын осылай жазуға бола ма» деп сөкті. Соңғы жарияланған «Шатырдағы әйел» атты әңгімемді фейсбук әлеуметтік желісінде талқылады. Өмір тек сұрқай көріністен тұрмайды ғой дегендер болды. Жандары нәзік оқырмандарым М.Горькийдің реализмін оқыса, жүректері ауырып, төсек тартып қалатын шығар деп ойлайтынмын. Қазір бұл ойымнан қайттым. Қазақ оқырмандары «е-е-е орыстар осындай тексіз халық қой» деп мұрын шүйіре салады.
Жылдың ең жайсыз айы – қараша. Өмір – қараша айы тәрізді! Ал біз көктемгі күншуақты іздейміз. Соңғы отыз жылда сериал көріп өстік. Сериалдық сана кейіпкерлердің соңында бақытты болып кетуін күтеді.
– «Шатырдағы әйел» деген соңғы әңгімеңізде кішкентай қыздың төсекке жіберіп қоятын жері бар. Бұл эпизод керек пе өзі? Неге тым шынайысыз?
– Сол эпизод жайлы ойлап жүрмін. Натурализм ғой. Сол жерге басқа деталь қосу керек пе еді. Жазуымда шынайылық бар шығар. Оның қайдан пайда болғанын түсіндіре алмаймын. Ал өмірде жасанды мінезден кенде емеспіз ғой.
– Бір сәтті шығармадан кейін ол сәттілікті қайталау жазушы үшін өте ауыр. Қай әңгімеңіздің деңгейіне жете алмай жүрсіз?
– Сәттілік тынымсыз еңбек пен өмірді, адамды танудан келетін шығар деп ойлаймын. Нақты бір шығармамды айта алмаймын. Сәтті дүнием алдағы уақытта жазылады деп үміттенемін.
– Жазудағы кемшілігіңіздің бірі – көркем тілдің жұтаңдығы еді. Соңғы шығармаларыңызға қарасам, нәтиже көрінбейді. Әлде заманауи авторлардың тілі қарапайым болу керек пе?
– Жазушының басты қаруы – тіл. Иә, менің тілім жұтаң. Оны мойындаймын. Ұзақ жыл ақпарат саласында еңбек еттік. Жасыратыны жоқ. Калькалардың өзін сіңіріп алдық. Заманауи автордың емес, кез келген прозашының тілі шұрайлы болғанға не жетсін. Қысқасы, айтам деген ойыңды оқырманға дұрыс жеткізе білу керек. Тілім бай деп би-шешенше төгіліп кетпеген де абзал.
– Жазушылықпен кәсіби түрде айналысуға дайынсыз ба?
– Дайын емеспін. Жазушылықпен кәсіби түрде айналысу үшін ой еңбегі бағалануы тиіс. Жазған әңгімеңе қаламақы берілу керек. Жазушылықпен бала-шағаңды асырай алмаған соң не айтуға болады. Қателеспесем, осыдан сегіз жыл бұрын Арман Әлменбет «Мимырт» деген роман жазып шықты. Жиырмадан жаңа асқан бала үшін аз еңбек емес. Романы да тәп-тәуір. Бірақ сол роман жайлы бірауыз сөз айтылған жоқ. Тіпті жазушы боламыз деп жүрген жігіттер де оқыған жоқ. Мен оқырманға ренжуден, оларға өкпе артудан аулақпын. Жазу төңірегінде жүргендердің өзіне қазір әдебиет керек емес сияқты.
– Дәстүрлі сұрақ: қазір не жазып жүрсіз?
– Дәл қазір ештеңе жазып жүрген жоқпын.
– Әңгімеңізге рахмет. Қаламыңыз қуатты болсын.
P.S. Байқасақ, қазір қазақ прозасында жақсы жазуға тәп-тәуір талпынып жүрген авторлар бар (көп демейміз). Соңғы уақыттағы өзіндік қалам қуаттарымен көзге түскен жас жазушылардың бір шоғыры, мойындау керек, назар аудартты. Шама-шарқынша ауыр тақырыптарды қаузаған олардың аяқ алысына шын қуандық. Және дәмелі үмітпен болашақтарынан зор үміт күтеміз.
Қызылордада вакцина егудің екінші кезеңі басталады
Аймақтар • Бүгін, 22:55
Нұр-Сұлтанда бас санитардың жаңа қаулысы шықты
Елорда • Бүгін, 22:30
Түркі академиясының басшысы Моңғолия елшісімен кездесті
Руханият • Бүгін, 21:55
Президент 4 оқушыны қаққан мас жүргізуші оқиғасын бақылауға алды
Президент • Бүгін, 21:34
Наурыз мейрамында ауқымды іс-шаралар ұйымдастыруға тыйым салынады
Қоғам • Бүгін, 21:23
Ақмолалықты пышақтаған қарағанды тұрғыны қолға түсті
Аймақтар • Бүгін, 21:17
Технологиялар трансферті мен локализация жол картасы әзірленеді
Үкімет • Бүгін, 20:45
Елімізде жасөспірім психикасына кері әсер ететін 731 материал тіркелген
Қоғам • Бүгін, 20:42
Қ.Тоқаев шетелдік инвесторлар кеңесінің жұмыс кездесуіне қатысты
Президент • Бүгін, 20:20
Мемлекет басшысы: Аяулы аруларымыздың жетістіктері – бүкіл халықтың мерейі
Президент • Бүгін, 19:33
Президент Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасымен кездесті
Президент • Бүгін, 19:24
Үйсіз қалған көп балалы отбасына жеке компания баспана сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 19:05
«QazCovid-in» вакцинасы сәуір айынан бастап өндіріледі
Медицина • Бүгін, 19:02
AsiaCredit Bank салымшыларына кепілдік берілген өтемнің 70%-ға жуығы төленді
Экономика • Бүгін, 18:40
Президент Қазақстанның дипломатиялық қызметі туралы заңға қолға қойды
Президент • Бүгін, 18:35
Елордада тұрақтағы көлік өртеніп кетті
Аймақтар • Бүгін, 18:33
Сәулекүл Сайлауқызы Қазақстанның Мароккодағы Елшісі болып тағайындалды
Президент • Бүгін, 18:32
Өткен жылы жол-көлік апатынан қанша адам зардап шекті
Қазақстан • Бүгін, 18:30
Ақтоты Райымқұлова шығармашыл балалармен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 18:16
ҚазҰУ магистранттары жаңа құрылғы ойлап тапты
Технология • Бүгін, 18:15
Қызылордада экологиялық мәселелерді шешуге арналған жобалар талқыланды
Аймақтар • Бүгін, 18:03
Технология • Бүгін, 18:02
Торғайда бір апта жоғалған жылқышы атының арқасында аман қалды
Аймақтар • Бүгін, 17:58
Жолда қалған 137 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 17:42
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстан • Бүгін, 17:40
Елордада тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті
Елорда • Бүгін, 17:40
Қостанайлық қаскүнем гүл сататын дүкенді тонаған
Аймақтар • Бүгін, 17:29
«Shymkent City» жобасына 0,5 трлн теңге инвестиция тартылған
Аймақтар • Бүгін, 17:25
Жыл басынан бері ЭЕБ көмегімен 101 мың адам жұмыс тапты
Қазақстан • Бүгін, 17:21
Денсаулық сақтау вице-министрі пандемияда қабылданған шаралар туралы айтты
Қазақстан • Бүгін, 17:20
Себебі белгісіз: Өсек өзенін ақ көбік басты
Аймақтар • Бүгін, 17:12
Коронавирус: Вакцина ектірген екі адам қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 17:06
Шымкентте шетелдік ғалымдардың қатысуымен конференция өтіп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 17:04
Елордада су тасқыны кезеңіне дайындық қалай жүріп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 17:00
Нидерландта сегіз спортшымыз өнер көрсетеді
Спорт • Бүгін, 16:54
4 облыста қандастарды бейімдеу орталықтары ашылады
Қазақстан • Бүгін, 16:52
188 миллиард теңге жымқырған 4 экс-банкирге сот үкімі шықты
Қоғам • Бүгін, 16:50
«Ореn University» кеңсесі мен «Таза қол» мүсіні ашылды
Аймақтар • Бүгін, 16:50
Еңбекшіқазақ ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:44
«Астана» Ласина Траореге көз тікті
Футбол • Бүгін, 16:42
Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады
Білім • Бүгін, 16:41
Алматы тауларында адасқан туристер табылды
Аймақтар • Бүгін, 16:40
Спорт • Бүгін, 16:38
Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру жүргізілуде
Қазақстан • Бүгін, 16:36
Ералы Тоғжанов волонтерлік ұйымдарға қандай қолдау көрсетілетінін айтты
Қазақстан • Бүгін, 16:35
Су добынан жасөспірімдер арасында ел үздігі анықталады
Спорт • Бүгін, 16:31
Ақтөбе облысы Білім басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:25
Қазақстандық армия ұшқышсыз ұшу аппараттарын қарқынды дамытуда
Қазақстан • Бүгін, 16:22
«Adaldyq alańy» – қоғамдық бақылаудың драйверіне айналды
Қоғам • Бүгін, 16:16
«Шымкент-циркте» аңдарсыз жаңа бағдарлама басталды
Аймақтар • Бүгін, 16:09
Шымкентте демеушілер есебінен 7 спорт алаңшасы салынады
Аймақтар • Бүгін, 16:01
Антикор өткен жылғы құқық бұзушылық фактілерді жариялады
Қазақстан • Бүгін, 16:00
Футболдан Қазақстан жастар құрамасы халықаралық турнирге қатысады
Спорт • Бүгін, 15:55
«Adaldyq alańy»: Жобадан жалпыұлттық Қозғалысқа
Қоғам • Бүгін, 15:45
Қазақстанның жеті өңіріндегі жолдарда ауыр жүк көліктеріне шектеу енгізілді
Қазақстан • Бүгін, 15:44
Оңтүстік Суданда ұшақ апатынан 12 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 15:41
Алматы облысында көлік қаққан оқушы қыздар комада жатыр
Аймақтар • Бүгін, 15:40
«Медеудегі» автотұрақ ақылы болады
Аймақтар • Бүгін, 15:35
Қарағандыда екі айлық қыз бала табылды
Аймақтар • Бүгін, 15:32
Қағаз күйінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны 2,5 есеге қысқарды
Қазақстан • Бүгін, 15:27
Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру қалай жүзеге асуда?
Қазақстан • Бүгін, 15:22
Атырауда 2 мыңға жуық мұғалім вакцина салдырады
Аймақтар • Бүгін, 15:18
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды
Президент • Бүгін, 15:18
Алматыда «Чупа-құрт» өнімі нарыққа шықты
Бизнес • Бүгін, 15:15
Нұр-Сұлтанда Құзыреттілік орталығының жұмысы таныстырылды
Аймақтар • Бүгін, 15:13
Елорда әкімдігінде «Ashyq» қосымшасының артықшылықтары туралы түсіндірілді
Аймақтар • Бүгін, 15:12
Алматы маңында жаңа тау шаңғысы курорты пайда болады
Туризм • Бүгін, 14:52
Батыс Қазақстанда 85 елді мекенді су басуы мүмкін
Аймақтар • Бүгін, 14:35
Ұқсас жаңалықтар