Қоғам • 15 Шілде, 2020

Орынбордан 52 мың препарат жеткізілді

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысы әкімдігі мен Ресейдің Орынбор облысы үкіметі арасында әлеуметтік-экономикалық ынтымақтастық, соның ішінде денсаулық сақтау саласы жөнінде келісімшартқа қол қойылған.

Орынбордан 52 мың препарат жеткізілді

Бүгінгі пандемия жағ­­­да­­йында бұл бағытта ор­ын­­­борлықтар тарапынан ақ­тө­беліктерге шипасы тиетін тағы бір қадам жа­салды. Яғни аталған ке­лі­сім­шартқа сәйкес Ақтөбе аймағындағы про­ви­зор­лық және күндізгі ста­цио­нарларға 52 мың қорапша дәрілік препараттар жеткізілді.

Мұндағы он түрлі дә­рі­лік құ­рамнан тұратын пре­па­рат­тар­дың барлығы қазіргі күні неғұрлым жо­ғары сұранысқа ие еке­нін айтқан жөн. Атап айтқанда, «Азитромицин», «Бромгексин», «Ванкомицин», «Дексаметазон», «Ксарелто», «Фраксипарин», «Цефотаксим» және «Цефтриаксон» ата­­уын иеленген дәрілер өкпе қабынуын тоқтатуға көмегін тигіз­бек. Сондай-ақ фармацевт маман­­дар­дың мәлімдеуінше аталған препараттардың дене қызуы мен қақырық түсіретін пай­да­­­­сы мол.

 

Ақтөбе облысы