"Өкінішке қарай, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы дағдарыстың салдарынан 2021 жылдың 28 ақпанына дейін ірі қоғамдық іс-шараларды өткізбейтінімізді растаймын. Мұндай шешім қабылдау оңай болмады. Алайда, қала тұрғындарының, жұмысшылар мен туристердің денсаулығы мен қауіпсіздігі біз үшін алдыңғы орында тұруы тиіс", деп мәлімдеді Кенни өзінің Twitter парақшасында.
Қала мэрінің айтуынша, 50-ден астам адамның қатысуымен өтетін іс-шараларға, соның ішінде фестивальдерге, шерулерге, концерттерге, карнавалдарға, жәрмеңкелерге және базарларда шоғырлануына қатаң түрде сақтық шаралары қолданылады.
Сондай-ақ ашық аспан аясында өтетін іс-шараларға қатысты қолданылмайтыны айтылды.
Джонс Хопкинс Университетінің мәліметтері бойынша, АҚШ-та коронавирустың 3,4 миллионға жуық дерегі тіркелген, оның 136 мыңнан астамы бақилық болды.