Тәртіп сақшылары бірқатар қатаң шектеу шараларын бұзу фактілерін анықтады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

"Полицияға түнде белгісіз біреулер Сарайшық көшесінде 50-ге жуық адам жиналған кеш өткізгені туралы хабарлаған. Тексеру барысында полицейлер 28 жастағы қала тұрғынының жабық кеш ұйымдастырғаны анықталды", деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жағдайды түсіндіру үшін бәрі Есіл аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Тексеру нәтижесі бойынша 42 адам темекі бұйымдары мен электронды темекіні қоғамдық орындарда пайдалануға тыйым салуды, тыныштықты бұзғаны, алкоголь ішімдіктерін тұтынғаны үшін, бір адам – Қазақстанда тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұрғаны үшін жауапқа тартылды.
"Аталған факті бойынша түсініктеме берген кештің ұйымдастырушысы полицияға өзінің бұрын санитарлық-эпидемиялық нормаларды бұзғаны үшін қызметі тоқтатылған елордалық кафелердің бірінде жұмыс істегенін түсіндірді. Сондықтан ол коттеджді жалға алып, жабық кеш өтетін орынның мекен-жайын әлеуметтік желі арқылы алдын-ала хабарлап, келушілерді қабылдаған", деді полиция қызметкерлері.
Тұрғындардың санитарлық-эпидемиялық қауіпсіздігін сақтау туралы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиена стандарттарын бұзғаны үшін жалға алушыға қатысты жиналған материалдар процессуалдық шешім қабылдауға тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді.
Ал полиция мен Нұр-Сұлтан әкімдігінің өкілдері 20:00-ден кейін елорданың ойын-сауық нысандарына бірлескен рейд жүргізді. Тексерулер көрсеткендей, қатаң карантиндік шектеу шаралары енгізілгеніне қарамастан, кейбір мекемелер жұмысын жалғастырғаны анықталды.
Карантиннің бұзылуының барлық фактілері бойынша материалдар аталған мекемелердің иелерін жауапқа тарту үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына тапсырылды.
Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті азаматтарды қоғамдық орындарда жауапкершілік танытып, санитария нормаларын сақтауға, сондай-ақ карантин шаралары кезінде полиция қызметкерлерінің талаптарына түсіністік танытуға шақырады.
Індеттің таралуының алдын алу мақсатында полиция карантин режімін сақтау және жеке қорғаныс құралдарын пайдалану қажеті туралы тұрғындармен профилактикалық сұхбат жүргізеді. Мұндай әңгімелесулер азаматтарды маска тағу тәртібін сақтауға мәжбүрлеу шараларын қолданудан гөрі тиімдірек.
Сонымен қатар полиция ойын-сауық, қоғамдық тамақтану орындары, моншалар, сауналар, аттракциондарға барып, олардың иелеріне қолданыстағы карантин шаралары туралы ескертеді. Құқық бұзушылар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады.

Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • Кеше
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • Кеше
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • Кеше
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • Кеше
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • Кеше
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • Кеше
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • Кеше
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • Кеше
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • Кеше
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • Кеше
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • Кеше
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Кеше
Қазақстандықтардың несиесі 7,6 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Кеше
Түркістанда құдалық өткізгендер жауапқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттен шалғай орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда қосымша жұмыс орындары ашылады
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Алматыда халықаралық форум өтті
Аймақтар • Кеше
Азаматтарға арналған үкімет өзінің кадрлар резервін жасақтайды
Аймақтар • Кеше
Мемлекеттік хатшы Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды
Фотогалерея • Кеше
Батыс Қазақстанда жол апатынан 4 адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Екі қазақстандық дзюдошы әлемнің үздік ондығына енді
Спорт • Кеше
ШҚО ауыл шарушылығы бойынша алдыңғы қатарда
Аймақтар • Кеше
Экология вице-министрі жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды
Экология • Кеше
Сайын Мұратбетковтың әңгімелері ағылшын тіліне аударылды
Әдебиет • Кеше
Сенаторлар көлік қауіпсіздігі деңгейін төмен деп санайды
Парламент • Кеше
2020 жылы 13 мың этникалық қазақ көшіп келді
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар