Елорда • 15 Шілде, 2020

Елорда тұрғыны індетінен сауығып, қыз баланы дүниеге әкелді

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

№1 көпсалалы аурухана дәрігерлерінің қажырлы еңбегінің арқасында екі елордалық – 39 жастағы әйел мен оның жаңа туған сәбиінің өмірін сақтап қалды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына Egemen.kz сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Елорда тұрғыны індетінен сауығып, қыз баланы дүниеге әкелді

24 маусымда емхананың акушерлік бөлімшесінде вирустық пневмония (80% зақымдану), интоксикация синдромы және артериялық гипертензия салдарынан тыныс жетіспеушілігімен ауыр халде жүкті әйел келіп түсті.

"Қабылдау кезіндегі әйелдің жүктілік мерзімі 34 апта 6 күн болған. Оған COVID-19-дың ауыр түрі, екі жақты полецегменттік пневмония, сондай-ақ қалыпты преэклампсия диагнозы (жүкті әйелде жоғары қан қысымының болуы) қойылған болатын", дейді аурухана қызметкерлері.

Дәрігерлер бірден-бір дұрыс шешім қабылдап, кесарево тілігін жасады. Салмағы 2,3 келі болатын шала туылған қыз бала дүниеге келді. Нәресте дереу реанимация бөліміне ауыстырылып, оған интенсивті бақылау мен емдеу жүргізілді. Сонымен бірге дәрігерлер ана өмірі үшін күресті.

Операциядан кейін ол реанимация және интенсивті терапия бөліміне орналастырылып, онда 12 күн жатты. Жеті күн бойы ол өкпені жасанды желдету аппаратымен тыныс алды.

Жағдайы тұрақталғаннан кейін емдеу қарқынды бақылау палатасында жалғастырылды. Дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің күш-жігерінің арқасында жасалған емнен кейін ана мен бала қанағаттанарлық жағдайда үйге шығарылды.