17 Қазан, 2013

Қошанкөлде жаңа амбулатория

332 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қошанкөл ауылында дәрігерлік амбулатория ауыл тұрғындарына өз есігін айқара ашты.

– Жаңа амбулаторияның ашылуы – елімізде «Сала­­­матты Қазақстан-2015» бағдарламасының ауылдық жерлерде де іске асырылып жатқанының бір айғағы. Бұдан былай ауыл тұр­­­ғындарына медициналық қызмет көрсету сапасының жақсара түсе­тініне сенімдіміз, – деді жаңа нысанның ашылу салтанатында сөз алған Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен.

Жаңадан ашылған амбулаторияны Ахметқайыр Қарағойшин басқаратын «Жиенбай» ЖШС-ы аз мерзімде салып берді. Мұнда балалар, гинекология, фтизотерапия, тіс, лаборатория кабинеттері бар.

Жаңадан ашылған амбулаторияның кілтін жақында ғана меңгерушісі болып тағайындалған «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша Қошанкөлге келген жас дәрігер Альбина Әйтімова қабылдап алды.

Бұл күні қошанкөлдік тұрғындардың қуанышында шек болған жоқ. Себебі, енді олар ауырып-сырқағанда   ат сабылтып аудан орталығына барып жүрмейтін болды.

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ.

Батыс Қазақстан облысы,

Қазталов ауданы.

Соңғы жаңалықтар