17 Қазан, 2013

Азияда алғаш өткізілуде

420 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Корея Республикасы Ұлттық сайлау комиссиясының төрағасы – Азия сайлау органдары қауымдастығының төрағасы Ли Ин-Боктың шақыруымен 150 сайлау органының қатысуымен Сеул қаласында «Тұрақты сайлау процестері – мықты демократия» тақырыбында өтіп жатқан Сайлау мәселелері жөніндегі дүниежүзілік ұйымның (СМДҰ) 6-шы конференциясының жұмысына қатысуда.

СМДҰ конференциясы сайлау мәселелерімен айналысатын мамандар үшін жетекші халықаралық форум болып табылады әрі байланыстарды реттеуге және ақпарат алмасуға жәрдемдесу мақсатын көздейді. Аталған беделді іс-шара Азияда бірінші рет өткізіліп отыр, бұған дейінгі конференциялар Канадада, Мексикада, Венгрияда, АҚШ-та және Ботсванада өткізілген болатын.

СМДҰ-ның 6-шы конференциясына 14 қазанда өткен Дүниежүзілік сайлау комиссиялары қауымдастығының (ДСКҚ) салтанатты тұсаукесер ассамблеясы орайластырылған. Азия сайлау органдары қауымдастығының мүшесі болып табылатын Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының атынан төраға Қуандық Тұрғанқұлов Дүниежүзілік сайлау комиссиялары қауымдастығын құру идеясын қолдаған болатын. ДСКҚ сайлау мәселелері бойынша ірі халықаралық ұйым болады деп күтілуде.

Қ.Тұрғанқұлов бұл шараға да қатысты.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар