Қоғам • 16 Шілде, 2020

Сұлтанғазиев қай облыстарда коронавирус жұқтырғандар саны артқанын айтты

429 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Сұлтанғазиев қай облыстарда коронавирус жұқтырғандар саны артқанын айтты

"ҚР бүгінгі күні коронавирус инфекциясымен ауырып жатқандардың саны 65 188-ге жетті. Оның ішінде симптомды 32 248 науқас, 25 688 науқас емін жалғастыруда. 39 066 науқас сауығып шықты. Соңғы аптада 6 мен 12 шілде аралығында республикада 11 325 жағдай тіркелген. Өткен аптамен салыстырғанда саны 6,7 пайызға өскен. Өткен тәулікте елімізде 1 674 жаңа жағдай тіркелді. Өсім 2,6 пайызды құрайды. Жаңа жағдайдың көбісі Алматы қаласында тіркелген. Оның 219 жағдайы. Және де, Атырау облысында 218 жағдай тіркелген. Ең үлкен өсім Солтүстік Қазақстан облысында байқалды, онда 5,1 пайызды көрсетеді. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында 3,9 пайызды көрсетеді. Жалпы республика бойынша 25 688 науқас оның ішінде 192 бала ем жалғастыруда. Стационарда 9966 науқас болса, амболоториялық жағдайда 15 722 науқас", - деді ол.

Сонымен қатар, Тимур Сұлтанғазиев коронавирус жұқтырған 306 науқас ауыр халде жатқанын айтты.