Аймақтар • 16 Шілде, 2020

Атыраудағы өзенде қайық аударылып, бір адам суға батып кетті

580 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресеймен шекаралас Құрманғазы ауданында қайық аударылып, 1979 жылғы  ер адам суға кетіп қалды. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өзен үстіндегі  оқиға кеше, 15 шілдеде сағат 21:56-да Құрманғазы ауданында болыпты.

Атыраудағы өзенде қайық аударылып, бір адам суға батып кетті

"Қиғаш өзенінің Бірлік ауылдық округіндегі Ягодкин учаскесінің тұсында қайық аударылып, 41 жастағы ер адам суға батып кеткен. Ол өзенді қайықпен кесіп өтпек болған. Бүгін сағат 06:30-да суға батқан адамды іздеу басталды. Іздестіру жұмысына жедел құтқару жасағының 4 қызметкері мен 1 жүзу құралы тартылды" - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.