Аймақтар • 16 Шілде, 2020

Ақсуда кішкентай қызын құтқармақ болған 30 жастағы ер адам суға кетті

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құтқарушылар келгенге дейін куәгерлер ер адамның денесін жағаға алып шыққан, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Ақсуда кішкентай қызын құтқармақ болған 30 жастағы ер адам суға кетті

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі онлайн режимде өткізген баспасөз конференциясында облыстық ТЖД бастығы Ернұр Өтегенов айтты.

"Кеше, 15 шілде күні Ақсу қаласында шағын ауданда Набережный көшесі, 45 мекенжайы бойынша хабарлама келіп түскен. Қайғылы жағдай шомылуға арналмаған орында тіркелген. Ер адам 2015 жылы туған қызын құтқармақ болған", - дейді Ернұр Өтегенов.

Департамент бастығының айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда суда ажал құшу фактілері үш есеге азайған.

2019 жылдың ұқсас кезеңінде 9 адам көз жұмған. Оның біреуі - бала. Биыл шомылу кезінде көз жұмған адамдардың барлығы - ересектер.

"Өңірдің бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен 5 шілдеден бастап жағажайлардың жұмысына тыйым салынған. Алайда 1 маусымнан бастап аймақта үш адам батып кетті. 13 шілде күні Ақсуда тағы бір қайғылы жағдай тіркелгені белгілі. Қыз бала достарымен демалып жатқан орында суға кеткен. Санитарлық жағдайға байланысты тұрғындардың арасында күнделікті рейд жүргізіліп тұрады және суға түсудің қауіп-қатері ескертіледі. Өкінішке орай, осындай қайғылы жағдайлар орын алуда", - дейді Ернұр Өтегенов.

Соңғы жаңалықтар