Аймақтар • 16 Шілде, 2020

Арзанға қызығып опық жегендер

810 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түріне қарасаң оны алаяқ деп айтпас та едің. Аузынан сөзі, қойнынан бөзі түсіп тұрған бір доғал мұжық. Осы түрімен ол Петропавлдың бірнеше тұрғынының сеніміне кіріп, 60 мыңнан 700 мың теңгеге дейінгі қаражатын алдау жолымен сіңіріп кеткен.

Арзанға қызығып опық жегендер

Полицияға алдымен шағынған адам оның өзін құрылыс миатериалдарын арзанға түсіріп беремін деп, ақшасын алып, алдап кеткенін айтады. Сонымен бірге үйлерге пластикалық терезелер орнатамын деп алдап, алдын ала төлеген ақшасын қақшып кеткен.

Тағы бір петропавлдық бензиннің арзан талондарын түсіріп беремін дегенге алданған. Ақшасын алған соң мынау қарасын батырған. Тағы біреуді машинаңа арзан дөңгелек алып беремін деп алдаған. Бәрінен де алдын ала ақша алып отырған. Бүгінгі дейін оған алданған адамдар саны бесеуге жетіп отыр. Бірақ полиция қызметкерлері тергеу барысында тағы да белгісіз адамдар қосылатын шығар деп ойлайды.

Қазір күдіктінің үстінен қылмысты іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Ол 1983 жылы туған Петропав қаласының тұрғыны. Бұрын сотталған. «Барлық қылмысын күдікті түрлі схемалармен жасаған. Бірақ бәріне ортақ бір іс – адамдардың арзан заттарға қол жеткізуді көздепшала таныған адамға сенім көрсеткендігі болып отыр», дейді Петропавл ПБ Тергеу бөлімі бастығының орынбасары Нұржан Омаров.