Аймақтар • 17 Шілде, 2020

Жағдай қалыпқа түсе бастады

428 рет
көрсетілді
15 мин
оқу үшін

Шымкент қаласы әкімдігінде күн­ сайын шаһардағы эпидемия­лық жағдайға байланысты құ­рыл­­ған жедел штабтың отырысы өтеді. Отырыс барысында штаб мү­шелері қала әкіміне өз саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыс­тар жөнінде баяндайды. Осы­лайша, мәселенің ең күрделі деген тұстарын бағамдап, тиісті шешім шығаруда.

Жағдай қалыпқа түсе бастады

Тынымсыз жұмыстардың нәтиже­сінде қала бойынша жедел жәрдем шақыртулары азайды. Бұл туралы шаһар әкімдігінде өткен Шымкент қа­ласы аумағында коронавирустық инфек­цияның таралуына қарсы іс-қимыл бо­йынша арнайы штабында айтылды. Жиын барысында атқарылып жатқан бас­қа да бірқатар жұмыс талқыланды.

«Қала бойынша жедел медициналық жәрдем шақыртулардың саны азайып келеді. Шілде айының 1-жұлдызынан бастап бүгінге дейін (12.07.2020) шақыр­тулар саны 2142-ден 1839-ға дейін тө­мендеді. Қалада жалпы саны 650 ин­фекциялық төсек-орын бар, оның 204-і бос. Провизорлық орын саны – 3210, қазір 1110 бос орын бар. Ел Прези­дентінің тапсырмасына сәйкес, ал­дағы уақытта төсек-орын қорын көбейту мә­селесі қарастырылуда.

Қала аумағындағы 24 ауруханада күн сайын 1100 оттегі баллонына қа­жеттілік бар. Осыған орай, Шымкент қаласында оттегін өндіретін 5 мекемемен келісімшарт жасалды («AirGaz» ЖШС, «Керемет сапа» ЖШС, «Нурибал База» ЖШС, «ПК ОКСИ» ЖШС, «Иман­беков» жеке кәсіпкерлігі), барлық ауру­ханаларға тұрақты түрде оттегі баллондары жеткізілуде», деді шаһар әкімі Мұрат Әйтенов.

Келелі кеңесте қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рустам Қуанышбекұлы індетке байланысты тіркелген статистикалар мен жүргізіліп жатқан ем-дом жөнінде сөз қозғады, Ш.Оспанова жедел жәрдем қызметі бо­йынша ахуал қалыпқа түскенін, өзекті мә­селе жоқ екенін хабарлады.

Жиын барысында қала әкімі тиісті мамандарға тәулік сайын 30 мың шақыр­ту қабылдай алатын диспетчерлік орта­лықты тезірек ашуды тапсырды. Сондай-ақ штаб отырысында бүгінде 323 ӨЖТ (өкпені жасанды тыныстандыру аппараты) құрылғыларының санын алдағы уақытта 475-ке жеткізу жоспарланып отырғаны белгілі болды. Қала аумағындағы барлық 24 ауруханаға күн сайын 1200 оттегі баллоны қажет екені айтылды.

1

1

Қала әкімі Мұрат Әйтенов қадап айт­қандай, эпидемиялық ахуалды жақ­сарту барысында халыққа қажетті дүние­лерді іске асыру барысын тездету керек.

«Шешім шығаруды екі күнге созатын уақыт жоқ. Жұмысты шұғыл түрде нақты бір жүйеге қоюымыз керек. Ал ақпараттарды уақтылы жеткізуіміз қажет. Бұл жүйе реттеліп, ендігі кезекте қала тұрғындары «Сovid-19 Шымкент» сайты арқылы бүгінгі жағдайға байланыс­ты мәліметтерді толық алып отырады», деді М.Дүйсенбекұлы.

Оған қоса, қала әкімі тиісті мамандар­ға мемлекеттік күндізгі стационарларға бек­і­тілген арнайы ереже таратылуын тап­сырды.

«Яғни науқастар емнің тегін екенін білуі керек. Егер медицина қызметкері ем үшін дәрі-дәрмек сұраса, «109» нөмі­ріне хабарласып, құқықтарын қорғауға мүмкіндіктері бар», деді қала әкімі.

 

Тойханалар провизорлық орталыққа айналады

Шымкентте эпидемиялық жағ­дай ушығып тұрған шақта әлеуметтік желі­лерде науқастарға төсек-орын жетіс­пеушілігін шешудің оңтайлы жол­дары ұсынылған еді. Айта кету керек, желі бел­сенділерінің тарапынан қаладағы білім беру ғимараттарын «уақытша ауруханаға айналдыру» туралы да ұсы­ныс тасталған. Алайда шым­кенттік ата-аналар бұған қарсы болды.

Жуырда осы мәселеге орай Шымкент қаласындағы мейрамхана иелері үн қатты. Олар эпидемиялық жағ­дай күр­деленіп, мұқтаждық туса, өз­де­рі­нің мен­шігіндегі ғимараттарды про­визорлық, стационарлық орталық­тар­ға айналдыруға дайын екендерін жеткізді. Бір сөзбен айтсақ, жер­гілікті кәсіпкер азаматтар елдің басына түскен ауыртпалықты бірлесіп көтеруге дайын.

Бұл ұсынысты олар қала әкімі Мұ­рат Әйтеновке жеткізді. Шаһардағы бір­­неше ғимаратты аралап шыққан Мұрат Дүйсенбекұлы әзірге қосымша про­визорлық орталықтарды ашудың қажеті жоқ екенін хабарлады. Өйткені бүгінде шаһардағы ауруханалар мен стационарларда медициналық көмекке мұқтаж барлық науқасты жатқызуға жететін орын бар. Алайда індеттің таралуы өсіп, нау­қасты көбейіп кеткен жағ­дайда әкімдік жергілікті мейрамханаларды, тойханаларды провизорлы ста­цио­нар ретінде пайдаланатын болады.         

«Қазіргі таңда Шымкент қаласы әкімі­нің тапсырмасына сәйкес эпиде­миялық жағдай күрт нашарлап кеткен жағдайға дайындық жұмыстары жүр­гізілуде. Коронавирус жұқтырған және пневмонияға шалдыққан науқас­тарды емдеуге 7 млрд теңге қаржы бө­луді жос­парлап отырмыз. Нысандарды бі­рін­ші кезекте үлкен сұранысқа ие дәрі-дәрмектермен, ӨЖТ аппараттарымен және компьютерлік томографиямен (КТ) қамтамасыз ету мәселесі шешілетін болады», деді қала әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр.

Ол сондай-ақ сауда орталықтары мен қаладағы басқа да ірі нысан иелері тұрғындарға уақтылы медициналық кө­мек көрсету үшін тегін көмек көр­сетуге дайын екенін атап өтті.

«Егер күзде эпидемиялық жағдай нашарлап, індеттің екінші толқыны бас­талса, біз сол жағдайға да­йын болуы­мыз керек. Сондықтан қазір кәсіп­кер­лердің өздері ұсынған қала­дағы ірі ғимараттарды қарастырып жатыр­мыз. Жағдай күрде­ленсе, біз шұғыл провизорлық ор­та­лықтарды ұйым­­дастыруға дайынбыз. Бүгінгі таңда нау­қастарды емдеу­ге ар­налған қосымша
3 мың орын дайын­дадық. Жақын арада кәсіпкерлер ұсынған ғимараттардан да дәл солай төсек-орындар әзірлейтін боламыз», деді қала әкімінің бірінші орынбасары.

Бұған дейін шаһардағы ауруханаларда науқастарға арналған оттегі құрыл­ғыларының тапшылығы сөз болған. Әкім­дік осы түйткілді шешу мақсатында қаладағы 4 аурухананың базасында арнайы оттегі стансасын орнататын болды. Стансалар қалалық перзентханада, қа­лалық жұқпалы аурухана мен №1 қалалық ауруханада және №2 көпсалалы ауруханада орнатылады. Аталған медицина мекемелерінің әрқайсысында оттегі жеткізілген 50 төсек-орын ашылады. Бұл туралы қала әкімінің бірінші орынбасары Е.Садыр мәлімдеді.

Ол бұдан бөлек Шымкент қаласында жақын күндері тағы бір оттегі өндіретін цех іске қосылатынын атап өтті. Онда күніне 1-2 мың оттегі балло­ны шығарылмақ. Сонымен қатар ол қала­дағы оттегін өн­діретін ірі 3 стансаның жұмысы тұрақты бақылауда екенін хабарлады. Оның айтуынша, қалада қазіргі таңда барлығы 722 оттегі жеткі­зілген төсек-орын бар. Ал қала аума­ғындағы барлық 24 аурухананы күн сайын 1200 оттегі баллонымен қамтып отыру қажет.

 

Жаңа технология тығырықтан шығуға көмектеседі

Шымкентте коронавирусқа қатысты жан-жақты деректер жарияланатын www.covid19shymkent.kz ақпараттық пор­талы ашылғанын айта кетейік. Бұл туралы қала әкімі әлеуметтік желі­де­гі парақшасында хабарлады. Мұрат Әй­теновтің айтуынша, портал мем­лекеттік органдарға туындаған проб­лемаларға жедел назар аударуға, ал тұрғын­дарға COVID-19 туралы ақпарат алып отыруға мүмкіндік береді.

Қазақстанда баламасы жоқ бұл сайтты U:projects қоғамдық бірлестігінің IT-мамандары жасады. Олар ұсынған жобаны Шымкент қаласының әкімі бірден қолдаған.          

«Біз сайтты тестілеуді сәтті аяқ­тап, оны іске қосудамыз. Орталықтанды­рыл­ған ақпараттық портал Шымкенттегі эпидемиялық ахуалдың барлық индикаторлары мен детальдарын көрсетіп отыратын негізгі платформа болады. Жоба үш кезеңнен тұрады. Оның екеуінен өттік. Бірінші кезеңінде жас IT-мамандар – Ержан Сонар, Дінмұхаммет Жолдыбай, Артем Федоскин, Ілияс Бек­тас қаламыздағы Сovid-19 туралы талдау мәліметтерді жинақтап, өңдеуді автоматтандыру үшін бағдарлама құрды. Бұған дейін жергілікті денсаулық сақтау және цифрландыру басқармаларының мамандары барлық аурухана, емханалардан, провизорлық орталықтардан қанша бос төсек-орын бары, емдеу ме­кемелеріне қанша науқас коронавируспен, пневмониямен, ЖРВИ-мен түскені, ӨЖТ аппаратының, оттегі бал­лондарының, тағы басқаларының қай мекемеге жетіспей жатқаны туралы ақпараттарды жинады. Әкімге бұл туралы барлық есеп Exсel форматында ұсынылады. Біз пандемиямен күреске өз үлесімізді қосуды ұйғарып, арнайы сайт­ты тегін жасадық. Бұл биліктің жұмы­сын жеңілдетеді, ал тұрғындардың ауқымды ақпараттар алып отыруына көмектеседі», дейді жобаға жауапты азаматтар.

Сайт жасаушылардың айтуынша, СOVID-19 туралы мәліметтерді жинақтау процесін мейлінше жеңілдетуді әрі автоматтандыруды көздеген. Айтуларына қарағанда, бұл адами факторды болдырмайды. Мұнда проблемаға назар аударуда әрбір цифр мен істің нақтылығы маңызды.

Ауруханалардағы барлық кезекші дәрігерлер мамандардың қатысуынсыз-ақ сайт арқылы ыңғайлы формада есептерін бере береді. Олар бар болғаны он көрсеткіш бойынша цифрларды ұсы­нады. Бағдарлама қала басшысына жылдық есепті өзі-ақ беріп тұрады.

«Сайтта тұрғындар мен қала басшысына статистикалық мәлімет бөлек жарияланады. Тұрғындар ауруханалар мен провизорлық орталықтардың қайсысында бос орын бар екендігін біліп отырады және бұл цифрлар автоматты түрде жаңарып тұрады. Мәселен, №6 емхананың кезекші дәрігері бүгін сегіз төсек-орынның босағанын көрсетеді, осылайша адамдар қай ауруханаға барып жатуға болатынын біліп отырады. Сайттан түрлі нұсқаулықтар мен пандемия кезінде ұстанатын ережелерді, мамандардың кеңесін таба алады. Пан­демия кезінде дүрбелең туындамас үшін, түрлі жалған ақпараттар таралып кетпеуі үшін мәліметтерді бір орталықтан беру өте қажет. Тұрғындардың жағдайды біліп, түсініп отырғаны, олардың нақты деректерді көріп, сабырлылық сақтағаны маңызды. Себебі соңғы күндері қалада түрлі дүрбелең жағдайлар туындағаны жасырын емес. U:projects билікке осындай проблемаларды жедел шешуге көмектеседі. Дегенмен біздің әрекетіміз кейбіреулерге басқаша әсер еткенін де мойындаймыз. Мұндай сенімсіздік біздің серіктестеріміз – жас IT-мамандардың бізге қосылуына кедергі келтіреді. Біз кет­кен шығынымыздың орнын толты­руға ешкімнен ешқандай қаржы талап етпейміз, жай ғана көмектескіміз келеді. Шымкенттің әкімдігі бізге сенім артып, қала­ға қолұшын созуымызға мүмкіндік берді. Егер жаңа ақпараттық жүйе сәтті жоба ретінде танылса, біз оны басқа қалаларға да таратуға дайынбыз», дейді U:projects жобасының негізін салушы Тоқтар Әлімбеков.

Оның сөзіне қарағанда, жаңа пор­талдың артықшылығы – big data жүйе­сімен жұмыс істейтіні. Бұл нақты мін­деттер мен тапсырмалар үшін пай­да­лануға қажетті құралдарды, мәлімет­терді талдау әдістері және оны пайдалану мүмкіндігі. Дәл осы big data пандемиямен күреске пайдалануға қажет және Covid-19 жағдайын жақсартуға мүм­кіндік береді.

1

 

Шетелдік тәжірибені пайдаланбақ

Эпидемиялық ахуалдың күрде­ленгеніне байланысты көршілес мемлекеттер елімізге көмек қолын созуда. Сон­дай көмектердің бір шоғыры Шым­кент қаласына да келіп жетті. Тар­қатып айтар болсақ, қаламызға Ресейден бір топ дәрігер келді. Сапар мақсаты – коронавирустық инфекциямен күрес бойынша тәжірибе алмасу. Сондай-ақ олар Covid-19 коронавирус инфек­­циясына қарсы күресу бойынша консультациялық-әдістемелік көмек көрсетеді. Дәрігерлердің арасында инфекционист, реаниматолог, анестезиолог-реаниматолог, эпидемиологтер бар.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов арнайы ме­ди­циналық топпен кездесіп, қаладағы қазір­гі эпидемиялық жағдайдың жай-жап­­сарын жан-жақты баяндады. Сон­дай-ақ оларға қазіргідей қиын ке­зеңде бірлесіп же­міс­ті жұмыс атқаруға тілек­тестігін біл­дірді.

«Бүгінгі таңда әлем бойынша дәрі­гер­лер коронавирус инфекциясына қарсы күрестің, оны емдеудің жаңа әдіс­терін зерттеп, өзара тәжірибе алмасуда. Мемлекеттер арасындағы тығыз ынты­мақтастықтың арқасында біліктілік арттырып, тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болып отыр. Осы орайда, сіздердің Шым­кент қаласына келгендеріңізге қуа­ныштымыз», деді Мұрат Әйтенов. Ресей­ден келген дәрігерлер 3-4 топ­қа бөлі­ніп, белгілі бір ауруханаға бекіті­летін болады.

Бүгінде Шымкент қаласында коронавируспен күрес бойынша ем алу шараларын жүргізуге 3264 медицина қызметкері жұмыл­дырылған. Қаланың бас дәрігері Рустам Албаевтың айтуынша, шаһарда дәрі-дәрмек тап­шылығын болдырмау мақсатында шетелдік фармацевтикалық компаниялармен келісім жасалуда. Қазіргі таңда аса қажетті дәрі өнімдері кезең-кезе­ңімен дәріханаларға тасымалданып жатыр.

«Шымкент қаласында қолайсыз эпи­демиялық жағдайға байланысты инфекциялық ауруларға шалдыққан науқастарды емдеу үшін төсек-орын саны қосымша көбейтілуде. Бұл төсек-орындар саны 650-ден 3129-ға жетті. Сондай-ақ жан сақтау бөліміндегі орындар санын да көбейттік, бүгінде 141 жан сақтау орны бар. Олар №2 қала­лық аурухана, Асар шағын ауданын­дағы 200 төсек-орындық инфек­­циялық аурухана жəне қалалық Кардио­ло­гия­­­лық орталықтың базасында орна­ластырылған. Реаниматолог мамандар тәулігіне 24 сағат жұмыс істеуде.

 Шымкент қаласында өткен жылмен салыстырғанда жедел жәрдем қызметін шақыртушылар саны 2 есеге өскен еді. Қазіргі таңда жағдай қалыпқа келе бас­тады. Ал дәрі-дәрмек бойынша Ресей, Украина, Түркия, Өзбекстан және бас­қа да елдердің компанияларымен келісімшарт жасалып, медициналық препараттар көп­теп келе бастады. Сонымен қатар келесі аптада тәжірибе алмасу үшін әрі көмек беру үшін Ресейден 5 маман, Түркия елінен 10 маман келеді деп күтілуде», дейді басқарма басшысы.

15 шілде күні Шымкент қаласына Өзбекстан Республикасынан екі жүк кө­лігімен дәрі-дәрмек келгенін айта кетейік. Жалпы, соңғы апта ішінде Үкімет тарапынан арнайы бөлінген 2 ұшақ­пен қалаға медициналық препараттар әкелінді. Сонымен қатар бір жолғы рұқсатпен фармацевтикалық компанияларға бір ұшақпен, 5 жүк көлігімен Үндістаннан, Ресейден, Ук­раинадан, Өзбекстаннан дәрілер жет­кізілді.

Айта кетейік, қалада дəрі-дәрмек ба­ғасын тұрақтандыру үшін құрылған 4 мо­ниторингтік топ осыған дейін 50 заң бұзушылық фактісін анықтап, тиісінше әкімшілік шаралар қабылданды. Одан бөлек, дәріханада жоқ дәрілердің орнына балама препараттар ұсыну жағы да назарға алынған.