17 Қазан, 2013

Жоғары сенімге ризашылық білдірді

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Парламент Сенатының отырысында жоғарғы палатаның экс-төрағасы Қайрат Мәми Елбасының жоғары сеніміне ризашылығын білдірді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

«Қай қызметте жүрсем де сеніміңізді ақтауға уәде бере­мін. Жоғарғы Соттың Төраға­лық қызметі мен үшін таныс дүние.

Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Парламент Сенатының отырысында жоғарғы палатаның экс-төрағасы Қайрат Мәми Елбасының жоғары сеніміне ризашылығын білдірді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

«Қай қызметте жүрсем де сеніміңізді ақтауға уәде бере­мін. Жоғарғы Соттың Төраға­лық қызметі мен үшін таныс дүние.Соңғы кездерде сот жүйе­сі­не алаңдаушылық білдіріп жүр­ге­ні­ңізді білемін. Сот билігінің беделін көтеруге өзімнің әріптестеріммен бірлесе отырып, барлық жинаған тәжірибемді, күш-жігерімді жұмсаймын деп сендіремін.

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, соңғы екі жарым жыл ішінде Өзіңіздің ұсынуыңызбен Сенат Төрағасы қызметін атқардым. Бұл қызмет менің бұрынғы атқарған жұмыстарымнан өзгеше әрі ауқымды. Осы лауазымда мен өмірлік, халықаралық, саяси қызмет мектебінен өтіп, тәжірибе жинақтадым деп ойлаймын. Ол үшін әріптестеріме, аппарат қызметкерлеріне бірлесіп істеген қызметтері үшін ризашылығымды білдіремін.

Сенат депутаттары – еліміздің қадірлі азаматтары, өз Отанының патриоттары және Өзіңіздің сенімді өкілдеріңіз. Жаңа Сенат Төрағасына және әріптестеріме заң шығарушылық қызметінде жаңа табыстар тілеймін», – деді Қ.Мәми.

Соңғы жаңалықтар