Қостанай облысына қарасты Амангелді ауылындағы орта мектептің жанындағы интернат ғимараты көптен жөндеу көрмей тозыңқырап кетіп еді. Шағын елді мекендерден аудан орталығына келіп оқитын балалар осы интернатта жатады. Бұрын мұнда 52 бала тұратын. Жатын бөлмелер өзгертіліп, оңтайландырылған соң интернат ғимаратында 18 балаға шақталған қосымша бөлмелер пайда болады.

– Халық әртісі Әнуар Боранбаев атындағы орта мектеп жанындағы интернатқа «Алюминстрой» ЖШС құрылыс компаниясы қайта күрделі жөндеу жүргізіп жатыр. Мердігер жұмысын тапсырған соң шалғайдағы шағын ауылдардан келетін 70 шәкірт осында жатып білім алады. Аталған жобаға облыс бюджетінен 133 млн теңге қаражат бөлініп отыр. Интернаттың шатырынан су ағып, ішкі қабырғаларының сылағы түсіп, тозып кетіп еді. Құрылысшылар ғимараттың төбесін толық ашып, ескі жабынын алып тастап, орнына төзімді әрі заманауи металл шатыр жапты. Бұрынғы ескі ағаш терезелердің орнына сапалы пластик терезелер қойылды. Сонымен қатар жатын бөлмелер оңтайландырылып, ара қабырғалар қойылуда. Бұған дейін 3-4 бала бірге жатып келсе, енді бір бөлмеде екі бала ғана жататын болады, – деді мектеп интернаттың меңгерушісі Айгүл Дихамбаева.
Аудан әкімінің орынбасары Сүндет Жолдыбекұлының айтуынша, осыдан екі жыл бұрын Ә.Боранбаев атындағы орта мектеп облыс бюджетінен бөлінген 180 млн теңге қаражатқа күрделі жөндеуден өткен. Білім ошағы сол жылы 24 млн теңгеге материалдық-техникалық базасын да жаңартып алыпты.
– Білім мекемесіне қажетті барлық құрал-жабдықтар алынды. Мектептің жылу қазандығы үшін жеке ғимарат салынды. Ал мектеп жанындағы интернат көп жылдардан бері жөндеу көрмей, қиындық тудырып келген-ді. Биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының арқасында күрделі жөндеуден өтіп жатыр, – деді аудан әкімінің орынбасары.
Аймақта жарияланған шектеу шараларына байланысты кей күндері мұнда да жұмыс тежеліп қалып жатыр. Бірақ соған қарамастан, құрылысшылар межеленген жұмыстың басым бөлігін еңсеріп тастапты. Екі қабатты ғимараттың сыртқы қабырғасы мен шатыры толық бүтінделіп, бүгінде ішкі жұмыстар жүріп жатыр. Интернат уағдалы мерзім ішінде толық жаңартылып, алдағы оқу жылының басында балалардың игілігіне айналмақ. Бұған мердігер де нық сенімді.
Қостанай облысы,
Амангелді ауданы,
Амангелді ауылы
Түркияда тікұшақ апатқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 23:55
Хоккей • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
«Құрманжан датқа» қандай фильм?
Руханият • Кеше
Балуандарымыз Римдегі жарысты тамаша бастады
Күрес • Кеше
Қостанай облысында кеніш жүк көліктерін әйелдер жүргізеді
Аймақтар • Кеше
Тәуелсіздік көшесінің тұрғындары тізеден балшық кешіп жүр
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында 30 млн дана тал егіледі
Аймақтар • Кеше
«Париж-Ницца» көпкүндігіне қатысады
Спорт • Кеше
Теннис • Кеше
Теңге тұрақты: Баға неге өсе береді?
Қаржы • Кеше
Президент Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-саммитіне қатысты
Президент • Кеше
Сенаторлар ТМД ПАА іс-шараларына қатысты
Қазақстан • Кеше
Түлектер күнінің дайындығы талқыға түсті
Білім • Кеше
Еділ суын алуға қосымша қаражат қарастырылады
Үкімет • Кеше
Алматы дәрігерлері қаңтарда 1,77 млрд теңге үстемақы алды
Медицина • Кеше
Қазақстанда 30 шетелдік фармацевтикалық өндіруші өз өндірісін ашады
Қазақстан • Кеше
Жаңа басылым – жақсылықтың жаршысы
Руханият • Кеше
Алматыда «Әйелдер маршы» өтеді
Қоғам • Кеше
Еуропада «пандемия салығы» енгізілді
Әлем • Кеше
Семейде қаржы пирамидасының жұмысы әшкереленді
Қоғам • Кеше
Түркістан облысында үшем дүниеге келді
Қоғам • Кеше
Қытайда миллиардерлер саны мыңнан асты
Әлем • Кеше
Бас мүфти: Еліміздегі мешіттер қазақы стильде болуы тиіс
Руханият • Кеше
Facebook Тәжікстанға салық төлейтін болды
Әлем • Кеше
Коронавирус гүл арқылы жұға ма?
Коронавирус • Кеше
Елордада туберкулезге қарсы 4 мыңнан астам адам тексерілді
Медицина • Кеше
Алматыда пәтер ұрылары ұсталды
Аймақтар • Кеше
Алматыдағы перзентханада бір әйел қайтыс болды
Қоғам • Кеше
Қызылордада мұғалімдерге вакцина салынып жатыр
Аймақтар • Кеше
Шымкенттік ұстаз 18 жыл бойына олимпиада жүлдегерлерін дайындаған
Оңтүстік Қазақстан • Кеше
Әскери полиция органдары туралы заң жобасы әзірленді
Қоғам • Кеше
Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша орталықтар ашылады
Қазақстан • Кеше
Қылмыстық іс: Өскемендік тәрбиеші балаларға зәбір көрсеткен
Аймақтар • Кеше
Алматы коронавирус бойынша «сары» аймақта
Аймақтар • Кеше
Электронды еңбек биржасында сервистер жетілдірілді
Технология • Кеше
Оралда 17 жастағы жігіт көпірден секірді
Аймақтар • Кеше
ШҚО тұрғыны пәтерінде оқ-дәрі сақтаған
Аймақтар • Кеше
Шахтада екі жұмысшыны топырақ басып қалған
Оқиға • Кеше
Аң аулау ережесін бұзғандарға қандай жаза қолданылады?
Қазақстан • Кеше
Қыздар университетінің ғалымдары 51 млн теңгенің грантын ұтты
Аймақтар • Кеше
Алматылық студенттер республикалық байқаудың жеңімпазы атанды
Аймақтар • Кеше
Каратэден Қазақстан командасының бас бапкері бекітілді
Тағайындау • Кеше
Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
Қазақстан • Кеше
Дін саласы мамандарына арналған семинар басталды
Қоғам • Кеше
Омарташылар мен марал өсірушілер қолдауға зәру
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар