17 Қазан, 2013

Орал Байғонысұлы МҰХАМЕДЖАНОВ

1090 рет
көрсетілді
13 мин
оқу үшін

2013 жылғы 15 қазанда көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, III-V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Орал Байғонысұлы Мұхамеджанов 65 жасқа қараған шағында ұзаққа созылған ауыр науқастан қайтыс болды.

Орал Байғонысұлы Мұхамеджанов 1948 жылғы 11 қарашада Қостанай қаласында туған. 1971 жылы Новосібір кеңестік кооперативтік сауда институтын бітірген. Еңбек жолын Қостанай облыстық тұтынушылар одағында бастаған. 1974-1991 жылдары Қостанай және Торғай облыстарында комсомол, партия органдарында қызмет атқарды. 1991 – 1994 жылдары халық депутаттары Торғай облыстық кеңесі аппаратының басшысы, Торғай облысының Амангелді аудандық әкімшілігінің басшысы болды.

1994 жылы ХІІІ сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды, Жоғарғы Кеңестің Экономикалық реформа комитеті төрағасының орынбасары болды. 1995 – 2004 жылдары Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспек­торы, Ұйымдастыру-бақылау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі болып жұмыс істеді.

2013 жылғы 15 қазанда көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, III-V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Орал Байғонысұлы Мұхамеджанов 65 жасқа қараған шағында ұзаққа созылған ауыр науқастан қайтыс болды.

Орал Байғонысұлы Мұхамеджанов 1948 жылғы 11 қарашада Қостанай қаласында туған. 1971 жылы Новосібір кеңестік кооперативтік сауда институтын бітірген. Еңбек жолын Қостанай облыстық тұтынушылар одағында бастаған. 1974-1991 жылдары Қостанай және Торғай облыстарында комсомол, партия органдарында қызмет атқарды. 1991 – 1994 жылдары халық депутаттары Торғай облыстық кеңесі аппаратының басшысы, Торғай облысының Амангелді аудандық әкімшілігінің басшысы болды.

1994 жылы ХІІІ сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды, Жоғарғы Кеңестің Экономикалық реформа комитеті төрағасының орынбасары болды. 1995 – 2004 жылдары Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспек­торы, Ұйымдастыру-бақылау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі болып жұмыс істеді.

Орал Байғонысұлы өзінің ұйымдастырушылық қабілетінің, жоғары біліктілігі мен адамгершілік қасиетінің арқасында қоғамда үлкен беделге, зор абыройға ие болды. Ол әрдайым тәуелсіз Қазақстанның іргесін қалау жолында азаматтық парызына адал қарап, қоғамда реформаларды жүзеге асыруға, тұрақтылық пен келісімнің орнығуына зор үлес қосты.

Оның бұл қасиеттері үшінші, төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы болып қызмет еткен кезінде ерекше жарқырап көрінді. Парламент Мәжілісіне басшылық жасай отырып, Орал Байғонысұлы Мұхамеджанов Елбасының стратегиялық бағытын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуде аянбай еңбек етті. Оның еңбегі мемлекет тарапынан жоғары бағаланып, «Құрмет», «Парасат» ордендерімен және бірқатар медальдармен марапатталды.

Орал Байғонысұлы Мұхамеджанов бүкіл күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін туған еліміз бен халқымыздың игілігіне жұмсаған Қазақстанның шынайы отансүйгіш перзенті бола білді. Ол өзінің мол тәжірибесімен, дарынымен және кәсіби шеберлігімен, айқын мақсатымен, әділдігімен әрі қарапайымдылығымен ерекшеленіп тұратын жан еді.

Орал Байғонысұлы Мұхамеджановтың жарқын бейнесі біздің жүрегімізде әрдайым сақталады.

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі.

Ауыр қаза

Шіркін, дүние-ай! Ортамыздан халқымыздың қабырғалы азаматы Орал Байғонысұлы Мұхамеджанов фәниден бақиға аттанып отыр. Қасиетті Торғай туып-өскен өңірі болса, Сарыарқа төсінде өмірінің соңы­на дейін халқына аянбай еңбек еткен ел перзенті еді. Кеңес заманын­да ауданның көрнекті басшысы, егемендік тұсында Елбасының се­нім­ді сардары ретінде жаңа мемлекет, қоғам құруға белсене араласқан қай­­раткер еді. Екі мәрте Парламент Мә­­жілісінің Төрағасы болып сайланды. Іскер, шебер, халқына жаны ашитын де­путат, басшы екенін көрдік. Адал ең­бегі үшін халық оны құрметтеді. Ба­­рынша ақкөңіл, ашық, серілігі мен ой сергектігі, парасаты мен пайымы мол азамат еді. Дос болдық, аға-іні­дей болып араластық, сыйластық. Сон­дықтан да мен үшін бұл – ауыр қаза.

Қош, қош бол, ардақты Оралым! Жатқан жерің жайлы, иманың жолдас болсын. Сенің орның тарихта, есімің әрқашанда бізбен бірге.

Академик Кенжеғали САҒАДИЕВ.

Жаны жайсаң азамат болатын

Бұл фәниде темір өзекті пенде жоқ. Өлмес адам елде жоқ. Өлімнен өтер өткел де жоқ. Бірақ төрге шықса төбедей, төбеге шықса төредей, жақын мен алысты бірдей тең көрген, елінің жігері, қоғамның тірегі бола білген Орал Мұхамеджановты өлімге қию да, енді арамызда жоқ дегенге сену де қиынның қиыны.

Орекең жайлы айту маған оңай емес. Тура көздеп келген қапыл қаза жаны жайсаң, ақылы байтақ алтын досымнан көз жаздырып кетті. Қай қызметте жүрсе де досқа адал, ақ көңілімен айналасына шуақ шашып тұратын замандасымның маған әрбір іс-әрекетінде үлкен бір сыр жатқандай, тереңдік бардай болып көрінетін. Өмірінің қай кезеңінде болмасын ол осалдық танытқан жоқ. Үнемі алға ұмтылып, елі­не, халқына адал қызмет ете білді деп ойлаймын.

Орекең парасатты, жаны сұлу адам еді. Үлкенге де, кішіге де ілтипатпен қарайтын, кем­шілікке төзбейтін. Лауазымы қандай дәре­жеде болса да, адамның қателігін бүкпесіз бетіне айтатын. Еңбек жолын қарапайым экономистіктен бастаған ол мемлекеттік қызметтің барлық сатысында қызмет атқарды. Менімен бірге Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі аппаратында, одан кейін ІІІ-ІV-V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде депутат болып сайланып, Мәжілістің Төрағасы қызметтерін абыроймен атқарды. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сенімді көмекшілерінің бірі ретінде қиын кезеңдерде қасынан табыла білді деп ойлаймын.

Адам – бұл дүниенің қонағы. Мұндайда сабырға қайрат қосатын, қайнаған күйікті басатын жұбату айту қиын. Алла адал досымды алдынан жарылқап, оның иманын өзіне серік етсін. Артында қалған ұрпақтарына Жаратқан Ием жар болып, ұзақ ғұмыр сыйласын, отбасына жақсылықты жақын етсін демекпін.

Әмзебек ЖОЛШЫБЕКОВ,

мемлекет және қоғам қайраткері.

Қазақтың өзіндей дарқан еді

Қазақ халқы абзал азаматы­нан, тәуелсіз еліміздің қалыпта­суына елеулі үлес қосқан қай­рат­керінен айырылды. Туған ұлтының, кең даласының, Алаш дүниесінің барлық ізгі қасиеттерін бойына сіңірген Орекең, Орал Байғонысұлы енді арамызда жоқ. Қазақтың асылдары Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатовты берген киелі топырақта кіндігі кесілген ардақты азамат сол заңғарлар салған жолды таңдамай тұра алмас еді. Атқа ерте қонды, ел басқарды, отарлаудың зардабын молынан тартқан Торғай өңірінің экономикасын дамытуға, ұлттық рухын жаңғыртуға барын салды. Жүрегі елім деп соқты, жерім деп елжіреді. Осынау қасиетін, сабырлы ұлтжандылығын Қазақстан Рес­публикасының Парламентін басқарған кездерде де таныта алды. Мәжіліс Төрағасы ретінде мәдениет пен өнер, тіл мен дін туралы заңдардың ұлт­қа қызмет етуін айрықша қада­ға­лады. Орал Байғонысұлының тікелей ұйымдастыруымен Парламент Мә­­жілісінде алғаш рет қазақ тілі тура­лы республикалық ғылыми-прак­тикалық конференция өтті. Ана тілі ардақталды, оның даму жолдары нақ­ты көрсетіліп, ел Үкіметіне жүк­телді.

Орекеңнің алды ашық еді, кеңпейіл болатын. Қызмет бөлме­сіне кез келген уақытта бара бе­ретінбіз. Әңгімені әзілден бастап, тереңдетіп әкететін. Тарих­­тан, ән өнерінен, әдебиеттен сөз қоз­ғауды ұнататын. Торғай, Қос­та­най, Орталық Қазақ­станның өтке­нін, тарихи тұлғаларды жетік білетін.

Орал Байғонысұлы адалдығы мен имандылығына дақ салдырмай, жұрт көңілін қалдырмай, пендешілікке алдырмай өтті. Жақсы көруші едік, дұғамыздан қалдырмаспыз. Құр­мет­теуші едік, рухын қадірлеумен болармыз. Үлгі етуші едік, қайрат­керлігін бағалай түсерміз.

Бақұл бол, қайран Ореке! Жаның жәннатта нұрлансын!

Алдан СМАЙЫЛ,

Парламент Мәжілісінің депутаты.

Елбасының сенімді серіктестерінің бірегейі

Ел-жұрттың аманатын арқалап, перзенттік борышын үлкен жауап­кершілікпен атқарып, үлкенге сыйлы іні, кішіге абзал аға атанып, Ел­ба­сының сенімді серіктестерінің біре­­гейі бола білген Орал Байғо­ныс­ұлы­­ның өмірден өтуі – үлкен қайғылы жағ­дай.

Орекең елімізге ғана емес, төрткүл дүниеге танылып келе жатқан белгілі мемлекет және қоғам қайраткері еді. Мен Орекеңмен танысқаныма 30 жылдан асыпты. Өткен ғасырдың 80-жылдарында Торғай облысында жас маман ретінде қызметімді бастаған кезімде Орал Байғонысұлы бұғанасы қатайған, оңы мен солын байыптап, артынан ел-жұртын ерте алатын басшы еді. Одан кейінгі кезеңде Орекең Торғай облысының Амангелді ауда­нында басшылық қызметте жүр­ген­де мен аудандық соттың төр­ағасы болып тағайындалдым. Көр­ші тұр­дық, адами зор құрметпен ара­­­лас­тық, кейін де араласып жүрдік.

Табиғатынан кең жаратылған Оре­кең барлық жағынан да талантты еді. Үшінші және төртінші ша­қы­ры­лымдағы Мәжілістегі Төр­аға­лық қыз­меті ел үшін өте қажетті заң­на­­малық шешімдер қабылдайтын ке­зеңге сәйкес келді. Солардың ішін­де дүниежүзілік қаржылық дағ­дарыстың дер кезінде алдын алу мақсатында ұлттық заңнаманы же­тілдіру жолындағы Елбасының тапсырмаларын әріптестерімен біріге оты­рып, абыроймен атқарып шыққан зор еңбегін ерекше атаған жөн деп есептеймін.

Әрине, Орекең жайында әлі де талай естеліктер мен пікірлер айтылар. Ал бүгінгі қаралы күнде марқұм­­ның отбасына көңіл айта отырып, қай­ғыларына ортақ еке­німді, талантты ағамыздың жарқын бейнесі әрдайым есімізде жүретінін жеткізгім келеді.

Рамазан СӘРПЕКОВ,

Парламент Мәжілісінің депутаты.

Соңғы деміне дейін Отанына қызмет етті

Орал Байғонысұлымен 1996 жылдан бастап Президент Әкімшілігінің Ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлі­­мінде он жылға жуық қызметтес болдық.

Орекең қызметте өзінің айрық­ша мінезімен, ұшқыр ойымен ерек­шеленіп, еліміздің дамуына және өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты.

Кейін, 2007 жылдың күзінен бері Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде заңшығарушылық салада да әріптес болдық. Ол Мәжі­ліс­тің Төрағасы болған жылдары елі­міздің заңшығарушылық өнді­рі­сінде халыққа қажетті өте ма­ңыз­ды заңнамалар қабылданды. Мем­ле­кет басшысының тапсырмаларын басшылыққа ала отырып, әрбір заң­ның аса ыждағаттылықпен жасалуы­на қатты көңіл бөлетін. Әрбір әріп­тесін сыйлай отырып, өз талабын орындата білетін басшы еді. Оның адамгершілігі араласқанның көңі­лі­нен, ерекше дарыны мен көкке өр­ле­­ген әсем дауысы естігеннің есінен кетпес.

«Аққу құсқа оқ тисе, қанатын суға ти­гізбес, Ақсүйекке оқ тисе, көршісіне сездірмес...» деген сөздер осы Орал ба­уы­­рыма қатысты айтылған сияқты. Өзі­нің соңғы демі таусылғанша сыр білдір­мей, Отаны мен халқына қызмет етумен болды.

Қамшының сабындай қысқа ғұ­мырда мемлекетке адал еңбек етіп, соңындағы ұрпаққа жемісін қалдырған дарабоздардың бірі еді. Сондай азаматтарымыздан мезгілсіз айырылып қаламыз деген кімнің ойында болды.

Досым Оралдың мезгілсіз қайтыс болуына орай ұл-қыздары мен ағайын- туыстарына қайғырып көңіл айтамын.

Орал Байғонысұлының има­­­ны саламатты болсын, артында қалған­дар­ға өмір берсін! Оның жар­қын бейне­сі әрқашан есімізде сақ­талады.

Үсенгелді МЕДЕУОВ,

Парламент Мәжілісінің депутаты.

Соңғы жаңалықтар