17 Қазан, 2013

Айттағы әңгімелер

334 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

*Қаз-қалпында

 

Биылғы Құрбан айтты тәуелсіз еліміз, мешіттеріміз үлкен игі іс-шаралармен, ең бастысы, ұлттық нақышпен өткізді. Ұлттық спорт түрлерінен (арқан тартыс, балуандар күресі, гір тасын көтеру, көкпар, т.б.) жарыс ұйымдастырылды. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы мұрындық болған қайырымдылық акциялары басқа да ұлттарды таңғалдырса керек. Өзге емес, елдің өз аузынан естіп-білгендеріміздің бір парасына тоқталайық.

*Қаз-қалпында

 

Биылғы Құрбан айтты тәуелсіз еліміз, мешіттеріміз үлкен игі іс-шаралармен, ең бастысы, ұлттық нақышпен өткізді. Ұлттық спорт түрлерінен (арқан тартыс, балуандар күресі, гір тасын көтеру, көкпар, т.б.) жарыс ұйымдастырылды. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы мұрындық болған қайырымдылық акциялары басқа да ұлттарды таңғалдырса керек. Өзге емес, елдің өз аузынан естіп-білгендеріміздің бір парасына тоқталайық.

«Мектепке емес, мешітке бара берейінші...»

Алматы қаласындағы «Орбита» мешіті 100-ге жуық 3 жастан жоғары бүлдіршіндерге сыйлық үлестірді. Мерекелік шарада балалар жаттаған өлеңдерін айтып, ұстаздың сұрақтарына таңдайлары тақылдап жауап берген. Бала тілі – бал емес пе? Түрлі-түрлі сыйлықтың астында «көмілген» бір кішкентай қыз: «Анашым, мен ендігі жылы мектепке емес, мешітке бара берейінші. Мұнда күшті-і-і-і-і екен. Тақпақ айтқан соң сыйлық береді, тағы айтсаң, тағы сыйлық береді, бере береді», – десе керек. Анасы не дерін білмей, тосылып қалған көрінеді.

«Құдалық көлікте кетіп бара жатқандаймыз...»

Алматының түбінде Алғабас дейтін үлкен ауыл бар. Қазақтар көп қоныс тепкен. Құрбан айттың бірінші күні. Автобустардың ішіне шар ілінген, мерекелік әшекейлер, ұлттық заттармен нақышталған. Құрбан айттың құрметіне жолақысы – 0 теңге. Бұл бастама жайлы жолаушылардың пікірін білген жігітке: «Мына қадамдарың қатты әсер етеді екен. Құдды құдалыққа бара жатқандаймыз. Жан-жағыңда неше түрлі шарлар. Шынымен де бүгін тойға бара жатқандай сезімде отырмыз. Бұл оқиға Құрбан айттың мұсылмандардың нағыз мерекесі екенін сезіндіреді», – деп жауап беріпті.

«Күнде Құрбан айт болса ғой, шіркін!»

Алматы қаласының Орталық мешіті Алла үйінің ауласына жетім балаларға арнап ойын орталығын ашты. Сахналық көріністер қойылды. 200-ге жуық бүлдіршінге сыйлық таратылды, балмұздақ берілді, арнайы дастарқан жайылды. Қуанышы қойнына сыймаған, көздері жәудіреген бір жетім бала: «Күнде Құрбан айт болса ғой, шіркін», – деп, сезімін білдіріп қойыпты. «Жерде жетім жыласа, көкте періште күңіренеді», – деген сөз бар. Жетімге қуаныш сыйлаудан артық сауап бар ма? Жетімдеріміз жыламасын. Жылатпайық. Құрбан айтқа аман-есендікте жете берейік.

Ағабек ҚОНАРБАЙҰЛЫ,

ҚМДБ баспасөз хатшысы.

Соңғы жаңалықтар