Үкімет • 17 Шілде, 2020

А.Мамин Минскіге COVID-19-бен күресті талқылауға келді

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің Премьер-министрі Асқар Мамин кеше Беларусь астанасына ұшып келді. Бүгін 17 шілдеде Минскіде оффлайн форматында өтетін Еуразия үкіметаралық кеңестің отырысына қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz

А.Мамин Минскіге COVID-19-бен күресті талқылауға келді

Қатысушылар сауда, бәсекелестік, өнеркәсіп және басқа да мәселелерді талқылайды.

Саммитте тауарларды таңбалау туралы келісімді жүзеге асыру барысы және Еуразиялық экономикалық одақта таңбалау жүйесін одан әрі дамытуды қарастыру туралы жүйелі жоспарлар легі талқыланады.

Сондай-ақ күн тәртібінде тұрған Денсаулық сақтау жүйесі мен халықтың санитариялық-эпидемиялық сауаттылығын арттыру алдыңғы қатардағы мәселелердің бірі болғандықтан, індеттің таралуын болдырмау хақында кешенді іс-шаралар жоспары қабылданады.