Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, оңтүстіктен келетін циклон Қазақстанның барлық аумағында ауа райының тұрақсыз болуына ықпал етеді.
Кей жерлерде күн күркіреп, екпінді жел соғып, өткінші жаңбыр жауады. Сондай-ақ кей өңірлерде бұршақ жаууы да ықтимал. Бірақ температуралық фон жоғары 30…38 градус, оңтүстікте және батыста кей жерлерде 42 градус болып қалады. Сондай-ақ республика бойынша кей жерлерде шаңды дауылмен бірге жел күшейеді.