17 Қазан, 2013

Турнирді жеңіліспен аяқтады

363 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұрнағы күні түнде Еуропа құрлығында 2014 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аяқталды. Осы соңғы турда Қазақстан құрамасы Дублинде Ирландия командасымен кездесті. Матч 3:1 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды.

Бұрнағы күні түнде Еуропа құрлығында 2014 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аяқталды. Осы соңғы турда Қазақстан құрамасы Дублинде Ирландия командасымен кездесті. Матч 3:1 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды.

Мұның алдында ғана Фарер аралдарымен кездесуде жігерсіз ойын көрсетіп, жанкүйерлерін жерге қаратқан біздің футболшылар бұл жолы да жан жадыратар ойын көрсете алмады. Олардың бағына қарай, ирландиялықтар да айрықша бір белсенділік таныта қоймады. Осындай жайбарақат ойынның бір сәтінде, 13 минутта қонақтар күтпеген жерден бірінші болып есеп ашып кетті. Оны өзіне тура келіп қалған допты қатты ұрған Дмитрий Шомко түсірді.

Бірақ мұның қуанышы ұзаққа бармады. Арада бар-жоғы үш минут өткенде Александр Кислицын өз айып алаңы ішінде допты қолымен ұстай алды. Осыған орай берілген пенальтиді Робин Кин теуіп, допты қақпаның төрінен бір-ақ шығарды. Сосын ойын тағы да қалыпты ақырын ағымға түсті. Бірақ доп көбіне алаң иелерінен шықпай тұрды. Кенет, 26 минутта олар күтпеген жерден тағы бір гол соғып кетті. Алдымен Ричард Данн соққы жасады. Оны Сидельников қайтарды. Бірақ доп шабуылшы О’Ши Джон аяғына дөп келе қалды. Мұндай қолайлы сәтті ирланд футболшысы құр жіберген жоқ. Ал кездесудің 78-минутында Шомко енді өз қақпасына гол салып алды. Осы есеп матч соңына дейін өзгерген жоқ.

Руслан ИГІЛІК.

Соңғы жаңалықтар