Аймақтар • 18 Шілде, 2020

Атырауда карантин режимі 3 тамызға дейін ұзартылды

646 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қауіпті індетті жұқтырушылары көбейген облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері  Садуақас Байғабылов қатаң карантин режимін 3 тамызға дейін ұзарту туралы қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда карантин режимі 3 тамызға дейін ұзартылды

Бұл қаулы 19 шілдеде  сағат 00:00-де күшіне енгелі отыр. Қаулыда осы кезге дейінгі қатаң карантиндік шектеулер сақтала береді.  Атап айтқанда, облыс аумағында бұрынғыша  қалалар мен елді мекендер арасында автобус жүрмейді.

Сонымен бірге, Алматы қаласына, Ақтөбе және Маңғыстау облысына қатынайтын пойыздар тоқтатылды. Ал, тұрғындар мен автокөліктің түнгі  сағат 23:00-ден таңғы 06:00-ге дейінгі аралықта жүруіне болмайды.  Осындай шектеу шарасы  сенбі, жексенбі және мереке күндері автокөліктер қатынасына қолданылады.

Тұрғындарға жұмысқа барып-келуіне, азық-түлік пен дәрі-дәрмек алуға баруға рұқсат етіледі. Дәріханалар 8:00-ден 22:00-ге дейін, азық-түлік дүкендері, шағын және супермаркеттер сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін,  жұмыс істейді. Азық-түлік емес дүкендерге "үйге жеткізу" қағидатымен жұмыс істеуге рұқсат беріліп отыр.

Қатаң карантин режимі 3 тамызда  сағат 00:00-де аяқталады.