17 Қазан, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №709

313 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2013 жылғы 10 шілде,   Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерін, Көлік құралдарын пайдалануға жіберу жөніндегі негізгі ережелер мен жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың міндеттерін және Арнайы түстік-графикалық схемалар бойынша арнайы түстік және дыбыстық белгілермен жабдықталуға және боялуға жататын жедел және арнайы қызметтердің, көліктің тізбесін бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы №1650 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерін, Көлік құралдарын пайдалануға жіберу жөніндегі негізгі ережелер мен жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойын­ша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың міндеттерін және Арнайы түстік-графикалық схемалар бойынша арнайы түстік және дыбыстық белгілермен жабдықталуға және боялуға жататын жедел және арнайы қызметтердің, көліктің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы №1650 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., №38, 461-құжат) мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Арнайы түстік-графикалық схемалар бойынша арнайы түстік және дыбыстық белгілермен жабдықталуға және боялуға жататын жедел және арнайы қызметтердің, көліктің тізбесі:
мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Арнайы түстік-графикалық схемалар бойынша арнайы түстік және дыбыстық белгілермен жабдықталуға және боялуға жататын жедел және арнайы қызметтердің, көліктің тізбесіне ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескертпе:
1. Түстік-графикалық бояу, айырым белгілері, жазулар, арнаулы жарық және дыбыс сигналдарын орнату Қазақстан Республикасының стандартымен регламенттеледі.
2. Президент Күзет қызметінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер министрлігінің және Республикалық ұланның жедел қызметтері көлік құралдарының арнаулы түстік-графикалық бояулары, айырым белгілері мен жазулары болмауы да мүмкін.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.

Соңғы жаңалықтар