Бұдан бұрын жұмыс жасап тұрған 60 жуық дәрі –дәрмек шығаратын "Ромат" фармацевтикалық компаниясын банкрот болды деп өзіміз құртқандай болдық.
Сотқа да салдық, бизнеске талас па, кім білсін 500 адам жұмыс жасаған алып кәсіпорын ғимараты қазір дәрілердің керек кезінде жабық тұр.
Әуе компаниясы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ұшаққа тиелген дәрі-дәрмек толы коммерциялық жөнелтілім жалпы еліміз бойыншаорындалады.
Жөнелтілім Алматыдан Павлодар, Қостанай, Семей мен Қарағандыға, ал Нұр-Сұлтаннан Семей, Қостанай мен Ақтауға жеткізіледі.
-Тасымалдауға 3 келіге дейін заттар қабылданады. Сәлемдемені Алматы мен Н.Назарбаев әуежайларындағы «Эйр Астана» агенттіктері арқылы төлеп, беріп жіберу қарастырылған. Әуежайда заттарды рейс қонғаннан кейін 1 сағаттан кейін 1 сағаттың ішінде алып кетуге болады. Қызмет құны 2800 теңгеден басталады,-депті компания өкілдері.
Қайткенмен де, жергілікті фармацевтикалық зауыттың өнімдері арзан, қауіпсіз,сапалы. Өзгенің бизнесін өрістеткенше, өз қаламыздың кәсіпкерлігін дамытқан жөн болар.
FlyArystan Алматыдан Жөнелтілімге келесі заттар мен дәрі-дәрмектер қабылданады: бетперде, қолғап, қорғаныш киімі; өндіруші зауыттың қаптамасындағы құрғақ дәрі-дәрмек; өндіруші зауыттың қаптамасындағы, сыртынан қосымша полиэтилен пакетке оралған ампулалар; таңып-байлау материалдары (бинт, бұласыр); өндіруші зауыттың қаптамасындағы шприц, системалар.
Қауіпсіздік шарттарына сай жөнелтілімге келесі дәрі-дәрмектер қабылданбайды: сұйық күйдегі дәрі-дәрмектерді, биоүлгілерді, зертханалық талдауларды, температуралық тәртіпті талап ететін, сондай-ақ хладагентпен қапталған дәрі-дәрмектерді тасымалдауға тыйым салынады.
Қосымша қызмет mymail@airastana.com электронды поштасы арқылы және келесі телефон нөмірлері бойынша қолжетімді +7 (727) 356 09 50, +7 (727) 270 30 53 + 7 (702) 702 01 59.
Павлодар облысы