Аймақтар • 19 Шілде, 2020

ШҚО-да қатаң карантин 2 тамызға дейін ұзартылды

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстанда коронавирустың инфекциясына қарсы қатаң шектеу шараларының мерзімі ұзартылды. Бұл туралы аймақтың бас санитарлық дәрігері Марат Исмаиловтың жаңа қаулысында жарияланды.

ШҚО-да қатаң карантин 2 тамызға дейін ұзартылды

"ШҚО аумағында бұрын бекітілген қатаң шектеу шаралары 2020 жылдың 20 шілдесі сағат 00.00-ден 2020 жылдың 2 тамызы сағат 00.00-ге дейін ұзартылсын. Шектеу шараларының режимі мен мерзімі облыс аумағында коронавирус инфекциясының таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне сәйкес өзгертілуі мүмкін", - делінген жексенбіде, яғни бүгін жарияланған қаулыда.

ШҚО бас санитарлық дәрігері Аягөз, Алтай қаласында, Күршім, Катонқарағай, Жарма, Бесқарағай, Үржар ауданының орталығындағы қосымша қатаң шектеу шараларын 2020 жылдың 2 тамызы сағат 00.00-ге дейін сақтау туралы қаулы шығарды.

"Жеке тұлғалар жабық нысандарды, қоғамдық орындар мен қоғамдық көліктерде болған кезде маска киіп, әлеуметтік қашықтықты сақтауы тиіс", - делінген құжатта.

Қаулы ережесін жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар міндетті түрде сақтауы тиіс. Аудандық және қалалық санитарлық дәрігерлер карантин шараларын эпидемиологиялық ахуалға байланысты қатайтуға құқығы бар. Құжат қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. Ресми түрде алынып тасталғанға дейін күшінде болады.