2013 жылғы 12 шілде, Астана, Үкімет Үйі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 шілдедегі
№720 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Мемлекеттік қызметтің үлгі стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы №558 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., №23, 264-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы №558 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 маусымдағы №662 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., №40, 356-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы №558 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 5 қарашадағы №1166 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., №59, 578-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы №1264 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., №60, 862-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы.