Онлайн бәсекенің төртінші кезеңіндегі финалға ресейлік Александра Костенюк пен әлемнің төрт дүркін чемпионы қытайлық Хоу Ифань шықты. Өз кезегінде Костенюк жартылай финалда Иран спортшысы Сарасадат Хадемальшарьехті 7,5:3,5 есебімен жеңсе, қытайлық шахмат шебері үндістандық Хампи Конеруден 6:5 нәтижесімен басым түсті.
Турнирдің жартылай финалына жолдама беруші бәсекеде қандасымыз Жансая Әбдімәлік финалға шыққан қытайлық Хоу Ифаньмен кездескен болатын. Отандасымыз қытайлық спортшыға лайықты қарсылық көрсеткенімен, жеңіске жете алмады. Қорытынды есеп – 7,5-3,5.
Айта кетейік, әр Гран-при кезеңінің қатысушылары иеленген орнына сәйкес ұпай жинайды. Турнирдің үш кезеңі бойынша ең көп ұпай жинаған екі шахматшы суперфиналға шығады.