ҚХЛ басшылығы тұрақты біріншілікке қатысатын командалардың қатысатын санына байланысты бірнеше күнтізбенің жоспарын дайындаған. 2020/2021 жылғы маусымның кестесін келесі аптада директорлар кеңесімен ақылдаса отырып бекітетін болады.
«Командалар мен жанкүйерлер алдағы маусымның ресми кестесін шілде айының соңына дейін біле алады. Тамыз айының ортасында турнирге қатысатын клубтар жеке-жеке өтініш пен құжаттарын тапсырады. Жалпы ҚХЛ биылғы маусымды 2 қыркүйекте бастауға толық дайын» делінген ұйымның ресми хабарламасында.