Қазақстан • 20 Шілде, 2020

Еліміздің басым бөлігінде өткінші жаңбыр жауады

132 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

20 шілдеде ел аумағының басым бөлігінде өткінші жаңбыр жауады, тек оңтүстік пен батыста күн ашық болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Еліміздің басым бөлігінде өткінші жаңбыр жауады

Қостанай, күндіз Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде күн күркірейді, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.

Алматы, Ақтөбе, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде күн күркірейді, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды облысының кей жерінде найзағай ойнап, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, күндіз кей жерінде жел 15-20, екпіні 23 м/с.

Павлодар облысының күндіз солтүстігінде найзағай күтіледі, жел 18 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.

Жамбыл облысының кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, күндіз кей жерінде күн күркіреп, дауыл тұруы мүмкін.

Түркістан облысының күндіз кей жерінде найзағай, шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерінде жел тұрып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Ақмола, Қостанай, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады.

Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау облысында аптап ыстық жалғасады.

Атырау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында, Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Түркістан, Қарағанды облыстарының кей жерінде, Алматы облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады.