Спорт • 20 Шілде, 2020

Месси жетінші рет Испания біріншілігінің үздік сұрмергені атанды

28 рет көрсетілді

"Барселонаның" шабуылшысы Лионель Месси жетінші рет Испания біріншілігінің үздік сұрмергені атанды. 

Месси 33 кездесуде 25 гол соқты. Осылайша ол "Реалдың" шабуылшысы Карим Бензема (37 кездесуде 21 гол) мен "Вильярреал" шабуылшысы Жерар  Моренаден (35 кездесуде 18 гол) озып кетті. 

Бұған дейін Месси үздік сұрмерген, яғни "Пичичи" деп аталатын атақты 2010, 2012, 2013, 2017, 2018 және 2019 жылдары жеңіп алған еді. Биыл ол жетінші рет жеңіп, алты рет жеңген Тельмо Зарра деген шабуылшыдан озып отыр. 

Биыл Месси бұл атақты төртінші рет қатарынан алды. Сонымен қатар ол үздік ассистент атағын да алды. Аргентиналық мерген әріптестеріне биыл 21 нәтижелі пас беріпті. 

Соңғы жаңалықтар

Италияда тоғыз жүлде алдық

Спорт • Бүгін, 10:10

Әр сала үздіктеріне құрмет танытты

Аймақтар • 05 Наурыз, 2021

Бағдат Мусин Шымкентке барды

Аймақтар • 05 Наурыз, 2021

Ұқсас жаңалықтар