Аймақтар • 20 Шілде, 2020

Ақмола облысының ҚАЖД мекемелерінде дезинфекция жүргізіліп жатыр

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаменті (ҚАЖД) мекемелерінде індеттің алдын-алу мақсатында дезинфекция жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Polisia.kz-ке сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды. 

Ақмола облысының ҚАЖД мекемелерінде дезинфекция жүргізіліп жатыр

Карантин кезеңінде шектеу және алдын алу шаралары шеңберінде, ҚАЖД ведомстволық бағынысты мекемелерінің аумағы мен ғимараттарында вирустың таралуына жол бермеу және жеке құрамды қауіпсіздендіру үшін, облыстық департамент пен Көкшетау бақылау басқармасының қызметкерлері тұрғын аймақты, әкімшілік корпустарды және мекемелерге іргелес жатқан аумақты құрамында хлоры бар заттарды алып жүретін шашыратқыштарды қолдана отырып, ауқымды санитарлық-дезинфекциялық өңдеу жүргізеді.

– Біз бәрін өңдейміз, – дейді облыс мекемелері басшыларының бірі Нұрлан Әлібеков, – сотталғандардың дене температуралық режімі, сондай-ақ медицина қызметкерлері мен жасақ бастықтарының үнемі бақылауында.

1
– Жасақтар арасында қозғалыс шектелді, – дейді ЕЦ – 166/18 мекемесінің бастығы Тимур Сәдуақасов, – сотталғандар, асханалар жасақ бойынша барады, барлық санитарлық-алдын алу шараларын сақтай отырып – дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, үстелдерді, орындықтарды, едендерді өңдеу, бактерицидті шамдарды кварцтау.​