Әлем • 20 Шілде, 2020

Біріккен Араб Әмірліктері Марсқа ғарыш зондын жіберді

375 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Біріккен Араб Әмірліктері Ғарыш зондын Марсқа жіберген алғашқы араб мемлекеті болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Біріккен Араб Әмірліктері Марсқа ғарыш зондын жіберді

"Әл-амал" ("Надежда") аппаратын бүгін Танэгасима аралындағы ғарыш айлағынан жапондық зымыран-тасығышы аспанға ұшырды.

Бастапқыда старт 14 шілдеге белгіленді, бірақ ауа райының қолайсыздығына байланысты ұшу барысын екі рет ауыстырды. Дубайдағы Мухаммед бин Рашид ғарыш орталығында Колорадо университетінің атмосфералық және ғарыштық физика зертханасымен бірге әзірленген ғарыштық зонд жеті айдан кейін Қызыл планетаға жетеді деп болжануда.

БАӘ-нің Марс миссиясының мақсаты − атмосфераны, климаттық жағдайларды және жыл мезгілдерінің ауысуын зерттеу. Аппарат орбитада бүкіл Марсиандық жыл бойы қалуы керек. Яғни оның ұзақтығы жердегі жылмен салыстырғанда екі есе көп.

Бұдан бөлек, ғарыштық зонд алғаш рет атмосфераның төменгі қабаттарын және Марсиандық ауа райын, соның ішінде шаңды дауылдардың қалыптасуын зерттейді. Кеменің арнайы инфрақызыл және ультракүлгін диапазондарында Марс атмосферасын бақылауға мүмкіндік беретін үш камерамен жабдықталған.