Қазақстан • 20 Шілде, 2020

Бағдат Мусин Президенттің кеңесшісі қызметінен босатылды

465 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бағдат Мусин Президенттің Цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бағдат Мусин Президенттің кеңесшісі қызметінен босатылды

Мемлекет басшысының өкімімен Бағдат Батырбекұлы Мусин басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі қызметінен босатылды.

Сондай-ақ Асқар Жұмағалиев Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметінен босатылды.