17 Қазан, 2013

Мәскеуде әзербайжан азаматы қаза тапты

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

17-10-13-moskva-militsia-1

Кеше, 16 қазан күні Мәскеудің Измайлово ауданында пышақтан алған жарақаттан қаза тапқан әзербайжан азаматының денесі табылды. Бұл туралы «Азаттық» радиосы хабарлады.

Осымен соңғы екі күннің ішінде азиялық типтес екінші адам қаза тауып отыр. Бұдан бір күн бұрын, 15 қазанда Бирюлево ауданында пышақталған 51 жастағы Өзбекстан азаматының мәйіті табылған болатын.

Өткен жексенбіде Бирюлево ауданында жүздеген адам мигранттарға қарсы наразылық шерулеріне шыққан еді. Наразылық танытушылар полициямен қақтығысып, мигранттар жұмыс істейтін көкөніс қоймасын қиратуға әрекет жасаған.Тұрғындардың жаппай шеруге шығуына Егор Щербаков есімді 25 жасар жергілікті жігіттің кісі қолынан қаза табуы себеп болды.

Полицейлер бұрнағы күні түнде оның өліміне күдікті ретінде әзербайжан Орхан Зейналовты қамауға алды.

Сонымен қатар, Бирюлево аудандық соты көкөніс қоймасының жұмысын 90 күнге тоқтатты. Қойма басшылығының үстілерінен «заңсыз миграция ұйымдастырды» деген айыппен қылмыстық іс қозғалды. Қойма басшысы Алиасхаб Гаджиевке іздеу жарияланды.

Мұрат Айтқожа.

Соңғы жаңалықтар