Осыдан жиырма жылдай уақыт бұрын батыстың бір өнер қайраткерінің: «Мен жиырма бірінші ғасырда өмір сүрмейтініме қуанамын, өйткені ол ғасыр өте күрделі болады» деген сөзін оқыған едім. Ол – жиырмасыншы ғасырдың адамы. Кезінде жазып қоймаған соң аты-жөнін ұмыттым. Бірақ сөзі есімнен шыққан емес. Оның бұлай деуіне не себеп болды екен деп ойлаймын кейде.

Былай қарағанда, тіршілік пен тұрмыс жеңілдеген соң өмір де жеңілдеуі тиіс қой. Бір есептен солай болып та келе жатқан секілді. Мәселен, қазіргі ғасыр туралы шығарма жазған бір оқушы былай дейді:
«Мен ХХІ ғасырда өмір сүргеніме өте қуанамын. Шын сөзім! Мен «бұрынғы өмір жақсы еді» деп айтатын адамдарды мүлдем түсінбеймін. Өйткені қазіргіден артық өмір жоқ екендігі анық. Сол артықшылықтың бір-екеуіне тоқталсам, соның өзі жетіп жатыр. Мен өзім қажет еткен жерлердің барлығына машинамен тездетіп бара аламын.
Ал бұрынғы өмірді аңсайтын адамдардың барлығы ондай жерлерге ілбіген ат-арбамен сағаттар, тіпті күндер бойы жүріп зорға жететін.
Менде интернетті пайдалану мүмкіндігі бар. Өзіме қажетті ақпараттың барлығын содан ала аламын. Жүйкесі әбден тозған қарт мұғалімнің (ол ХХ ғасырдың адамы ғой) бетіне қарап отыра бермеймін.
Мен үйден шықпай-ақ кез келген тауарды сатып ала аламын. Бұрынғы замандағыдай оған тапсырыс беріп, айлар бойы күтіп жүрмеймін. Егер мен басқа елге барғым келсе, жолға жиналуыма және сол елге жетуіме ары кетсе екі-үш күн кетеді. Баяғының адамдары секілді ат-арбаға мініп алып, айлар бойы қорқынышты сапарды бастан кешіріп жүрмеймін.
Санай берсең, бұл заманның артықшылықтары жетіп жатыр ғой. Тіпті қақсаған тісіңді жұлғызып тастау да қазір қиын емес. Анестезия жасайтындықтан оны қалай жұлып алғанын да аңғармай қаласың. Ал бұрынғының адамдары қақсаған тісін қорқынышты тістеуікпен жұлғызу үшін кемінде бір бөтелке виски ішкен болар. Тіпті олардың виски ішуге де жағдайы келе бермегені анық. Сонда қай ғасыр дұрыс? Осыдан-ақ өздеріңіз қорытынды шығара беріңіздер».
Әрине, бұл шығармадан сан салалы өмірге тек технологиялық жетістіктер тұрғысынан ғана баға бере алатын жеткіншектің көзқарасы аңғарылады. Технологиялық жетістіктер жоқ жердің барлығы оған қорқынышты көрінетіндей. Ал жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысында өмірге келген біздің көбімізге сол жиырмасыншы ғасырымыз жақсы секілді. Бәлкім, бұл жастық шағымыз сол ғасырда өткендіктен шығар. Оның үстіне, ол кезде болашаққа деген сенім мен көңілдің тазалығы қандай еді. Ал қазір сол бар ма? Технологиялар арқылы тұрмыс жеңілдегенімен уайымның, қауіп-қатерлердің көбейгенін аңғаруға болады. Бейне бір шытынап кетуге сәл тұрған шыны әлемнің ішінде келе жатқандаймыз.
Әрине, заман туралы бір адамның берген бағасы екінші бір адам үшін субъективті көрінуі мүмкін. Өйткені адамдар әрқилы өмір сүреді. Таңдауы да әртүрлі. Мәселен, маған жиырма бірінші ғасырдың Яндекс таксиінің ішінде келе жатқаннан гөрі жиырмасыншы ғасырдың трамвайының ішінде келе жатқан әлдеқайда ұнайды.
Шынын айтқанда, жоғарыдағы өнер қайраткерінің «жиырма бірінші ғасыр өте күрделі болады» деген сөзінің мәнін енді түсіне бастағандаймын. Жиырма бірінші ғасырда тұрмыс жеңілдегенімен, өмір сүру күрделене түскен. Адамзат медицинаның күшімен індет атаулыны жеңдік деп масайрағандай еді. Қайдағы жеңген!.. Енді індет те күрделене түскендігін байқауға болады.
Әрине, жасампаз адам баласының ақыл-ойы мен күш-қайратынан, оның қазіргі қол жеткізген мүмкіндіктерінен үміт күтеміз. Бұл індеттің де емі табылар. Жалпы осы коронавирустан кейін ортақ кедергілер мен қауіп-қатерлерді еңсеру жолында адам баласы біріге бастауы мүмкін. Бәлкім, алдағы өмір өзгерер. Өмірдің сапалы жаңа қағидаттары пайда болар. Бірақ жаңа қауіп-қатерлердің де бас көтере беретінін, тіпті олар коронавирус секілді ойламаған жерден пайда болуы мүмкін екенін де жоққа шығара алмаймыз. Жиырма бірінші ғасыр осындай құбылыстарымен күрделі болатын секілді.
Электронды сауда-саттық қайтсе дамиды?
Экономика • Кеше
Мемлекеттік қызметте әйелдердің үлесі қанша?
Қоғам • Кеше
Пандемия гүл нарығына әсер етті
Қазақстан • Кеше
Қаржы • Кеше
Қостанайлық полицей сыныптасын атып өлтірді
Аймақтар • Кеше
400 мыңнан астам ақмолалық электронды-цифрлық қолтаңба алды
Аймақтар • Кеше
Қаржы • Кеше
Түркістан облысында мереке қарсаңында үшем дүниеге келді
Аймақтар • Кеше
Алтай Көлгінов әйелдер күні мерекесімен құттықтады
Қазақстан • Кеше
Атырауда базарлар мен сауда үйлері күн сайын жұмыс істейді
Аймақтар • Кеше
Низами Ганжәуиге арналған веб-конференция өтеді
Қазақстан • Кеше
Президенттің таңғы серуендегі фотосы жарияланды
Президент • Кеше
Қызылордада Қажымұқан турнирі өтті
Спорт • Кеше
Шымкент қаласының әкімі әйелдер қауымын мерекемен құттықтады
Аймақтар • Кеше
Нұрлан Нығматулин 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Қазақстан • Кеше
Қостанайда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау орталығы ашылады
Аймақтар • Кеше
«Маттео Пеликоне»: Қазақстан үш алтын жеңіп алды
Күрес • Кеше
Мәулен Әшімбаев нәзік жандыларды мерекемен құттықтады
Қазақстан • Кеше
Елімізде коронавируспен ауырған 238 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Кеше
Қазақстанда 480 адам коронавирустан айықты
Коронавирус • Кеше
Асқар Мамин қазақстандық әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Қазақстан • Кеше
Мемлекет басшысы әйелдер қауымын мерекесімен құттықтады
Президент • Кеше
10 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Қостанай облысының әкімі 100 жастан асқан әжелерді құттықтады
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Маңғыстауда стоматологиялық клиникаға шабуыл жасады
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Қазақстанның қай аймақтарында жолдар ашылды
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Жапония халқы Олимпиаданың өтуіне қарсы шеруге шықты
Әлем • 07 Наурыз, 2021
Елордалық спортшылар қарттар үйіндегі аналарды құттықтады
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Шымкентте тәртіп бұзған қоғамдық тамақтану орындары анықталды
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Атырауда шағын несие кеңсесінен 400 мың теңгені тонап кетті
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Нұр-Сұлтанда көпбалалы аналардың 5 қабаттан құлағаны рас па?
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
АҚШ-та COVID-19-қа қарсы 2,9 миллион вакцина салынды
Әлем • 07 Наурыз, 2021
Қызылордада 1000 отбасыға азық-түлік себеті таратылды
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Атыраулық оқушы АҚШ университетінің грантын иеленді
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Салғырт құрылыс компанияларын қара тізімге енгіземіз - Алтай Көлгінов
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Шетелден 307 азамат ПТР анықтамасыз ұшып келді
Қазақстан • 07 Наурыз, 2021
Спорт • 07 Наурыз, 2021
Қостанай қазақ театры көрермендерімен қайта қауышты
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Жансай Смағұлов күміс медальді иеленді
Спорт • 07 Наурыз, 2021
Пневмонияның 52 және 3 өлім жағдайы тіркелді
Қазақстан • 07 Наурыз, 2021
Елімізде 568 адам коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • 07 Наурыз, 2021
Елімізде бір тәулікте қанша адам вирус жұқтырды
Коронавирус • 07 Наурыз, 2021
Спорт • 06 Наурыз, 2021
Елімізде алғаш рет «Домалақ ана» операсы сахналанды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
ШҚО аумағында шектеу шаралары 20 наурызға дейін ұзартылды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Нұр-Сұлтанда 2000 мыңнан астам отбасыға азық-түлік себеті табысталады
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
СҚО полициясында 374 қыз-келіншек қызмет атқарады
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Қостанайлық «Тобыл» Қазақстан суперкубогын жеңіп алды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Қазақстандық шорт-трекшілер әлем чемпионатында жартылай финалға шықты
Спорт • 06 Наурыз, 2021
Алматының ортасындағы көше опырылып қалды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Елорда базарларында жұмыс істейтін әйелдерге еріктілер 600 гүл таратады
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Теңіз кенішіндегі бес автобус өртінің себебі анықталды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Боксшылар әзірге төрт қола алды, тағы екеуі финалда
Спорт • 06 Наурыз, 2021
Тараз қаласында 135 отбасы баспаналы болды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Жансай Смағұлов жүлдеге таласады
Спорт • 06 Наурыз, 2021
Алматының бас санитары Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Экология министрлігі Қарағандыдағы арыстан жөнінде пікір білдірді
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
8 наурыз күні хоккейден балалар турнирі өтеді
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Елорданың Достық үйінде 8 наурызға орай қайырымдылық акциясы өтті
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Спорт • 06 Наурыз, 2021
Оралдық магистранттар қазақ әдебиетін оқиды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Әлем елдеріндегі коронавирусқа қатысты ахуалға шолу
Әлем • 06 Наурыз, 2021
Қазақстан мен Қырғызстан «Қордай», «Ақ жол» өткізу бекеттерінің ашылуын талқылады
Қазақстан • 06 Наурыз, 2021
Қазақстанның қай өңірлері «сары» аймақта тұр
Қазақстан • 06 Наурыз, 2021
Ұқсас жаңалықтар