Аймақтар • 21 Шілде, 2020

Жомарт жандар жақсылығы

132 рет көрсетілді

Атырауда жақсылық жасағысы келетін жанашырлар көп. Арасында кәсіпкерлер де, спортшылар да, тіпті нотариус­тар да бар. Олар ауруханаларға дәрі-дәрмек пен оттегі концентраторын сыйлап жатыр.

Мәселен, жергілікті кә­сіп­кер Махмут Мера­ли­ев денсаулық сақтау ме­ке­ме­ле­ріне дәрі-дәрмек алып беру үшін қаржы жинауға бастама көтерді. Соған байла­ныс­ты «Атамекен» ҰКП Аты­рау өңірлік филиалы жанынан кәсіпкерлер, облыстық әкім­дік пен денсаулық сақтау ба­с­қармасының, қоғамдық ұйым­­дардың өкілдерінен жұ­мыс­шы тобы құрылды. Ал, об­­лыстық денсаулық сақтау бас­қармасы қажетті дәрі-дәр­­мектің тізімін ұсын­ды. Жұ­­мысшы тобы жетек­ші­ле­рі­нің бірі – «Идеал Маркет» ЖШС-нің бас директоры Талғат Бекеновтің айтуынша, ал­ғашқы екі күнде «Сана» қайырымдылық қорына 30 млн теңге жиналды.

– Қордың есепшотына түскен қаржының бір бө­лі­гі облыстық аурухана сұ­­ратқан ең қажетті дәрі-дәр­­мектер жиынтығын сатып алуға жұмсалды. Біз №2 облыстық инфекциялық ауру­­хана жанындағы прови­зор­­лық стационарға 10 түр­лі медициналық дәрі-дәр­мектің 3245 данасын тап­сыр­дық. Оның ішінде дексаме­та­зон, цианокобаламин, пири­док­син, цефтриаксон, азит­ромицин, ингавирин және басқа да дәрілер бар. Бірақ бұл дәрілерді табу өте қиын болды. Көтерме баға­мен жеткізетін компаниялар өте баяу жа­уап береді. Соған қарамастан, өңірдегі өзге де емдеу орындарына қайтарымсыз көмек беруді көздеп отырмыз, – дейді Талғат Бекенов.

Ал нотариустар да арнайы қаржы жинап, демеу­ші­лік көмек көрсету үшін жұ­дырықтай жұмылды. Олар өз­дері жинаған қаржыға «АРМЕД 7F-5L» маркалы от­тегі концентраторын сатып алып, Жылыой аудандық ауру­ханасының ұжымына тап­­сырды.

– Елімізде осындай жомарт жандар әлі де бар. Қиын кезде қол ұшын созып, демеу­шілік білдірген Атырау облыстық Нотариаттық пала­та­сының төрайымы Гүлнар Масатоваға, сондай-ақ бар­лық жеке нотариусқа алғы­сымызды білдіреміз. Оттегі концентраторының қауіп­ті індетке шалдыққан нау­қас­тардың тезірек сауығып, отбасына аман-есен орал­­уына септігі тиеді, – дейді Жылыой аудандық орталық ауруханасының директоры Нұрбек Үкібаев.

Мұндай жомарттықты Иса­тай ауданындағы «Барыс» ба­ла­лар-жасөспірімдердің де­не­шынықтыру клубының ди­ректоры Асхат Жұмабеков те танытты. Ол өзі тұратын аудандағы ауруханаға алғаш­қы оттегі концентраторын сыйға тартты. Оны Алма­ты­дан өз қаржысына арнайы алдырды. Бағасы – 550 мың теңге.

– Қазіргідей қиын кезде дәрігерлер науқастарды ем­деу үшін күні-түні еңбек етуде. Менің ата-анам да осы салада ұзақ жыл еңбек етті. Сондықтан, дәрігерлердің тынымсыз жұмысының ауыр­лығын жақсы білемін. Алай­да, дәрігерлерге де кейде мүм­­кіндігі бар азаматтардың қол­дауы қажет-ақ, – дейді Асхат Жұмабек.

Исатай аудандық ауруха­на­сының дәрігері Сержан Сәндібаевтың айтуынша, оттегі концентраторы – емдеу орнынан жеткізілген алғаш­қы құрылғы. Үздіксіз оттегі бөліп тұратындықтан, оған ауа толтырудың қажеті жоқ. Осы кезге дейін ауруханада мұндай құрылғы бол­мағандықтан, науқастар арнайы оттегі баллондары ар­қылы тыныс алыпты. Ал мұндай баллондарды санау­лы сағаттан соң ауыс­ты­рып тұру керек. Оттегі концен­траторының жоқтығы дәрігер­лердің жанына бататыны даусыз еді.

Өңірдегі ауруханаларға көмек көрсетуден мұнай-газ өнеркәсібіндегі отандық компания – «Ембімұнайгаз» АҚ да тартынған жоқ. Кәсіпорынның қоғаммен бай­­ланыс қызметінің ақпа­ра­тына сүйенсек, облыстық ауруханаға өкпені жасанды желдетуге арналған от­те­гі концентраторларын алуға, операциялық блоктар­ды, реанимацияларды, диа­лиз орталықтары мен про­ви­зорлық бөлімшелерді меди­ци­налық газбен қамта­масыз ету жүйесін жүргі­зу және ме­ди­циналық жаб­дық­тар­ды сатып алу үшін 146 млн теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетіліпті. Сондай-ақ, Жылыой аудандық ауруханасына 35 млн теңге аударылған. Ал өңір тұр­ғын­да­рына көрсетілген көмектің жалпы сомасы 300 млн-ға жуық теңгені құраған.

– Бұған дейін «Ем­бі­мұ­най­газ» АҚ Атырау қала­сының Береке ықшам­ауда­нындағы карантиндік ста­ционарларды тұрмыстық техникамен, гигиеналық қажетті заттармен қамтамасыз етуге 100 млн теңге бөлген бо­ла­тын. Махамбет ауданын­да қайтадан ашылған про­ви­зорлық орталыққа автобус берілді. Ал облыстық ауруханаға 40 оттегі баллоны тапсырылды, – деп хабарлады компанияның қоғаммен байланыс қызметі.

 

Атырау облысы

 

Соңғы жаңалықтар

Италияда тоғыз жүлде алдық

Спорт • Бүгін, 10:10

Әр сала үздіктеріне құрмет танытты

Аймақтар • 05 Наурыз, 2021

Бағдат Мусин Шымкентке барды

Аймақтар • 05 Наурыз, 2021

Ұқсас жаңалықтар