Футбол • 21 Шілде, 2020

Мессидің жаңа рекорды

14 рет көрсетілді

«Барселона» клубының шабуылшысы Лионель Месси Испания чемпионатында нәтижелі пас асыру бойынша жаңа рекорд орнатты.

Биылғы маусымда Месси әріптестеріне 21 мәрте гол соғуға мүмкіндік жасаған. Нәтижелі пас асыру бойынша команданың бұған дейінгі ең үздік нәтижесі Хави Эрнандеске тиесілі. 1987-2015 жылдар аралағында «Барселона» құрамында өнер көрсеткен Хави 2008/09 жылғы ішкі біріншілікте 20 мәрте пас асырған.

32 жастағы аргентиналық шабуылшы биылғы чемпионаттың 33 матчында жасыл алаңға шығып, қарсыластардың қақпасын 25 мәрте дәл көздеген. Осы нәтижесінің арқасында Ла Лиганың үздік сұрмергені атанды. Сондай-ақ ол бұған дейін ең үздік сұрмергенге берілетін «Пичичи» сыйлығын алты рет (2010, 2012, 2013, 2017, 2018, 2019) жеңіп алған. Биыл жетінші мәрте жеңіске жеткен Месси бұған дейін алты рет үздіктер қатарынан көрінген Тельмо Зарра деген шабуылшыны басып озды.

Айта кетейік, осы маусымда «Барселона» турнир кестесінде «Реалды» алға жіберіп, Ла Лигада 82 ұпаймен екінші орынға табан тіреді.

 

Соңғы жаңалықтар

Ресей азаматтары алғыс айтты

Аймақтар • Бүгін, 21:45

Семейге «Сергек» орнатылады

Аймақтар • Бүгін, 14:56

Әкім ақынға құрмет көрсетті

Аймақтар • Бүгін, 14:52

Алматыда халықаралық форум өтті

Аймақтар • Бүгін, 14:27

Ұқсас жаңалықтар