Хоккей • 21 Шілде, 2020

Бапкерлер құрамы бекітілді

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) өнер көрсететін елорданың «Барыс» клубы алдағы маусымда команданы жаттықтыратын бапкерлер құрамын жариялады.

Бапкерлер құрамы бекітілді

ҚХЛ-дің 2020/21 жылғы маусымында бас бапкер Юрий Михайлиске Георгий Верещагин, Александр Шимин, Андрей Шаянов және Александр Ахцигер секілді тәжірибелі мамандар көмектесетін болды. Аталған мамандар бұрыннан Михайлистің жанында жүрген сенімді әріптестері. Атап айтар болсақ, Қарағанды хоккей мектебінің түлегі Георгий Верещагин «Номанд» клубында Юрий Михайлистің көмекшісі болған. Андрей Шаяновтың есімі де жанкүйерлерге жақсы таныс. Өскемен хоккей мектебінің түлегі, Ресейдің еңбек сіңірген жаттықтырушысы бірнеше жыл бұрын «Барыс» клубының бас бапкері қызметін атқарған. Ал кейінгі жылы «Снежные Барсы» клубының бапкерлік штабында болған. Ахцигер ұзақ жылдан бері «Барыс» клубында еңбек етіп келсе, Александр Шимин «Барысқа» екі жыл бұрын келген.

Айта кетейік, кеше клубтың баспасөз қызметі 10 тамыздан бастап хоккейшілер оқу-жаттығу жиынына кірісетінін мәлімдеді.