– Бүгінгі күні елімізде өршіп тұрған COVID-19 инфекциясы мен пневмонияны емдеуде бұл құрылғының маңызы зор. Осындай қысылтаяң сәтте дәрігерлерге қолдау көрсетіп жатқан аудан әкімі Мұрат Ергешбаевқа ризашылығымызды білдіреміз. Аудан басшысы бұған дейін де күні-түні аурумен арпалысып жатқан ақ халаттыларға көмегін аяған емес, дейді аурухана дәрігерінің бас дәрігері міндетін атқарушы Бақыткүл Әлішева.
Мұнан соң аудан әкімінің орынбасары теміржол ауруханасына барып, дәрігер Құбыл Ршымбетов бастаған медицина қызметкерлеріне 2 дана оттегі концентраторын табыстады.
Айта кетейік, бір адамға арналған "Armed" 7F-3L оттегі концентраторы минутына 3 литр, сағатына 180 литр оттегі өндіреді. Бұл аппараттың тағы бір тиімділігі 24 сағат бойы жұмыс істей береді.