Қазақстан • 21 Шілде, 2020

Бірінші жартыжылдықта қатты пайдалы қазбаларды барлауға 676 лицензия берілді

511 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өз құзыреті шегінде жер қойнауын пайдалану саласын дамыту жұмыстарын жалғастыруда. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Бірінші жартыжылдықта қатты пайдалы қазбаларды барлауға 676 лицензия берілді

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңымен енгізілген "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" ҚР Кодексіндегі өзгерістерді іске асыру мақсатында ҚР ИИДМ 4 бұйрығы қабылданды:

- "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 315" Қатты пайдалы қазбаларды барлау немесе өндіру үшін жер қойнауы учаскелеріне аукцион өткізу ережесін бекіту туралы "№ 237 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" бұйрық;

- "Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, мемлекеттік темір жолдарды салу (реконструкциялау) және жөндеу, сондай-ақ гидротехникалық құрылыстар мен гидротехникалық құрылыстарды қайта салу және жөндеу үшін пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру ережесін бекіту туралы" 04.07.2010 жылғы № 188 бұйрық;

- "Мемлекеттік техногендік минералды түзілімдерді жеке меншікке беру ережесін бекіту туралы" 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 254 бұйрық;

- "Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың түрлеріне арналған типтік келісімшарттарды бекіту туралы" 2010 жылғы 10 қазандағы № 195 бұйрық.

2020 жылдың 1 жартыжылдығында жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар жасасу жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру шеңберінде келісімшарттар мен жер қойнауын пайдалануға түзетулер талаптарын қарау жөніндегі жұмыс тобының 20 отырысы өткізілді; жер қойнауын пайдалануға 13 келісімшарт жасалды, оның ішінде 11-і барлау, 2-еуі өндіру жөніндегі келісім-шарт; жер қойнауын пайдалану туралы келісімшарттарға 49 түзету қол қойылды.

Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге келсек, жыл басынан бері барлауға 676 лицензия берілді, оның ішінде:

- келісім-шарттан лицензиялық режимге көшу бойынша – 10;

- индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне – 5;

- жер қойнауын пайдалану саласындағы ұлттық компанияларға – 15;

- өндіруге – 4;

- "бірінші келді – бірінші алды" принципі бойынша - 642.

Лицензиялық-келісімшарт міндеттемелерінің орындалуына бақылау және мониторинг жүргізу функцияларын іске асыру мақсатында жер қойнауын пайдалануға арналған 30 келісімшарт бұзылды. 3 рет лицензиядан беруден бас тартылды. Бұл ретте келісімшарттық міндеттемелерді бұзу туралы 8 хабарлама жіберілді.

Биыл "Бірінші өтінім" қағидаты бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасы шеңберінде мынадай жер қойнауы учаскелері қолжетімді:

қатты пайдалы қазбаларды барлауға - 300 512блок;

қатты пайдалы қазбаларды өндіруге – 20 объект;

кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге - 616объект.

Сондай-ақ, ПУГФН-ға алғаш рет қосылған аумақтар бойынша өндіруге (16 объект) және барлауға жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша аукцион өткізу белгіленді.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы сәуір айында өндіруші салалардың ашықтығы бастамасының халықаралық Басқармасының шешімімен Қазақстан он түзетуші әрекеттің үшеуін толығымен орындап, ӨСАБ-ны енгізуде айтарлықтай прогреске қол жеткізді.

Қазір "Тарутинск кен орнында мыс/мыс-алтын кендерін өндіру кезінде шекара маңындағы аумақта шаруашылық қызметті жүзеге асырудың ерекшеліктері туралы" ҚР мен РФ Үкіметтері арасындағы келісім» жобасын мемлекеттік органдарымен келісу бойынша қосымша жұмыстар жүргізілуде. Келісім жобасына қол қою биылғы күзге белгіленіп отыр.

Сондай-ақ, "Kazakh Invest" ҰК" АҚ-мен бірлесіп, болашақ инвесторлар мен серіктестерге бағыттау және ұсыну үшін жер қойнауын пайдалану саласында 33 инвестициялық жоба пулы дайындалды.

Облыстар бойынша қатты пайдалы қазбалардың инвестициялық объектілері бойынша, оның ішінде инвестициялар талап ететін резервтік кен орындары мен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша талдау жүргізіліп, дайындалды.