Төтенше жағдай • 13 Сәуір, 2025

Су тасқыны: 14 ауылда көлік қатынасы тоқтап тұр

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда су тасқыны салдарынан 14 ауыл көлік қатынасысыз отыр. Сонымен қатар ел аумағында 26 жерден су тасып, 5 жол бөлігі шайылған, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Су тасқыны: 14 ауылда көлік қатынасы тоқтап тұр

Ведомствоның мәліметінше, наурыз айының басынан бері:

  • 4 миллион текше метрден астам су сорылған,
  • 658 мыңнан астам құм толтырылған қап төселген,
  • 45 мың тонна инертті материал қолданылған,
  • 842 шақырым су ағызу арығы тазартылған.

Қазіргі таңда апаттық-құтқару жұмыстарына 577 маман, 179 техника, 58 мотопомпа және су көлігі жұмылдырылған. Сонымен қатар, ТЖМ, ІІМ, жергілікті атқарушы органдар және басқа да мекемелер қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысып жатыр.

«Су басқан негізгі аумақтар: Ақмола облысы: Жанатұрмыс, Колутон, Ескі Колутон, Ягодное, А.Құрманов атындағы ауыл. Бұланды ауданы: Новобратское ауылы. Бұл елді мекендерде 69 тұрғын үй мен 29 аула аумағын су басқан. Көлік қатынасы 14 ауылмен үзілген», — делінген хабарламада.

Эвакуация нәтижелері:

  • 383 адам эвакуацияланды, оның ішінде 10 адам уақытша эвакуациялық бекеттерге жеткізілді,
  • 159 адам туыстарының үйіне орналастырылды,
  • 214 адам үйлеріне қайта оралды.

Эвакуацияға арналған арнайы орындар мен көліктер дайын. Сонымен қатар, ТЖМ-нің тікұшақтары да сақадай сай тұр.

Қазіргі таңда Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарыерекше бақылауға алынған. Дегенмен биылғы көктемгі су тасқыны қаупі былтырғыдан айтарлықтай төмен. Көптеген өзендерде су деңгейі төмендеп, қар жамылғысы тек Шығыс Қазақстанның биік таулы өңірлерінде ғана сақталған.