Орташа жөндеу аясында Арнасай көшесінде Қабанбай батыр даңғылынан Жаңа әуежай көшесіне дейін жол-құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Осындай жұмыстар Жаңа әуежай көшесінде Қабанбай батыр даңғылынан Арнасай көшесіне дейінгі учаскеде жүргізіледі. Осыған байланысты 21 шілдеден 10 тамызға дейін қозғалысты ішінара жабу жоспарлануда.
"Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз", деп хабарлады көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.