Аймақтар • 21 Шілде, 2020

Тараз автобустарында электронды билет енгізіледі

999 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы уақытқа дейін еліміздің көптеген қалаларының қоғамдық көлік жүйесіне енгізілген технологияның соңғы жаңалықтары Таразға да келіп жетті, деп хабарлайды Egemen.kz

Тараз автобустарында электронды билет енгізіледі

Ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап Тараз қаласындағы қоғамдық көліктердің салондарына электронды жол жүрі картасы арқылы төлем жасауға арналған валидаторлар мен терминалдар кезең-кезеңімен орнатылатын болады.

Тараз қалалық әкімдігінің мәліметінше, қала аумағындағы қоғамдық көліктерде жол жүру үшін барлық жолаушыларға электрондық карта арқылы төлеу кезінде жол ақысы 65 теңге, ал мектеп оқушыларына 30 теңге болып отыр.

Ал электронды картасы жоқ азаматтар үшін қолма-қол жол ақысын төлеу құны 130 теңгені құрайды. Тура осындай жағдай мектеп оқушылары үшін 65 теңге болып бекітілген. Бүгінгі таңда қала әкімдігі SAPARCARD электронды жол жүру төлем карталарын аңымдағы жылғы 27 шілдеден бастап сатылатынын мәлімдеді.

Айта кету керек, карталардың жарамдылық мерзімі шектелмеген. Аталған жол жүру карталарын Тараз қаласындағы Мәмбет батыр көшесіндегі "Ауыл-Береке", "Бек" базарларының, Б.Момышұлы көшесінде орналасқан "Қайқармет" базарының аялдамасында және Байзақ батыр көшесінің бойындағы "Темір жол" диспетчерлік пункті сияқты көпшілікке белгілі орындардан сатып алуға болады.

 

Жамбыл облысы