Қоғам • 21 Шілде, 2020

Той жасаушылар тыйылмай тұр

788 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Эпидемиялық ахуалға байланысты Қазалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері күнделікті рейдке шығып, карантин талаптарын бұзғандарды анықтап отыр. Әсіресе, тұрғындар арасында жасырын той жасаушылар көбейіп отырған көрінеді, деп жазады Egemen.kz

Той жасаушылар тыйылмай тұр

Осыған дейін ескертуге қарамай, жұрттың басын қосып, қуанышын атап өтпек болған  2 тұрғыннан түсінік алынып, тиісті құзырлы органға жолдады.

Полиция бөлімінің қызметкерлері аудан бойынша 5 азық-түлік дүкенінде сатушылардың медициналық маскасыз және арнайы қолғапсыз сауда-саттық жасағанын анықтады.  

Сондай-ақ 20 шілде күні аудан әкімдігі жанынан құрылған мобильдік топ Әйтеке би кентінде той жасап жатқан тұрғынды анықтап, полиция бөлімінің қызметкерлерін шақырды. Сонымен қатар, карантиндік шектеулерге қарамастан жұмысын жалғастырған кафе иесінен түсініктеме алынып, тиісті құзырлы органға заң жүзінде шешім қабылдау үшін жолдады.