17 Қазан, 2013

Сирияда журналистер із-түссіз жоғалды

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

17 10-Sirya jurnalister«Sky News Arabia» телекомпаниясының үш қызметкері Сирияда із-түссіз жоғалды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

«Sky News Arabia» телеарнасы қызметкерлері жоғалуы мүмкін аймақтарға хабарласып, оларды қайтаруларын сұрады.

Компания жетекшісі Нарт Боуран әлгі үш журналистің Сирияның солтүстік аудандарындағы гуманитарлық жағдайды түсіруге барғанын мәлімдеді. Болжам бойынша, репортер Исхак Мостар, телеоператор Самир Кассаб және отбасының өтініші бойынша аты аталмай отырған көлік жүргізушісі Алеппо қаласы маңында жоғалып кеткен.    

Н.Боуран сөз орайында Сирияның солтүстік аудандары бүгінгі таңда журналистер үшін аса қауіпті аймақ екенін атап өтті. Соңғы бірнеше айда мұнда Сирия мен шетелдің он шақты БАҚ өкілдері қаза болған, жарақат алған немесе содырлардың қамауына алынған екен.

Айдар Өрісбаев.

Соңғы жаңалықтар