17 Қазан, 2013

Хоккей. «Барыс» шет алаңда жеңіске жетті

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

01-10-13-hokkey-minsk-1

Бүгін Астананың «Барысы» Құрлықтық хоккей лигасының кезекті ойынында Новокузнецкіде жергілікті «Металлург» командасымен кезлесіп, 5:3 (1:1, 1:1, 3:1) есебімен жеңіске жетті. Бұл туралыVesti.kz хабарлады. Астаналықтар Дмитрий Уппердің күш салуымен 4-минутта есеп ашты. Тағы 6 минут өткенде, алаң иелері есепті теңестірді (Захар Арзамасцева). Екінші кезеңде «Метеллург» алға шықты. Алайда, Денис Курепанов соққан бұл шайбаға жауапты қонақтар минутқа жетпей қайтарды. Бұл жолы Брэндон Боченски ерледі. Алаң иелері үшінші кезеңде де бірінші болып алға шықты. 49-минутта Дамир Жафяров көзге түсті. Содан кейін 13 секунд өткенде, Боченски тағы да есепті теңестірді – 3:3. Ал матчтың соңы «Барыстың» басымдығымен өтті. Соны тиімді пайдаланған астаналықтар тағы екі рет шайба салды. Олардың ойын бітуге үш минут қалғанда Найджел Доус пен Константин Руденко (59-минут) өз есептеріне жазды. Дамир Қожамқұл.
Соңғы жаңалықтар