620 мыңнан астам қазақстандыққа атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мерзімі ұзартылды. Бұл туралы Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

121 мың отбасына, яғни 625 мың қазақстандыққа атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мемлекеттік мекемелерге жүгінбестен, автоматты түрде ұзартылды.
Сондай-ақ, 13 мың адам атаулы әлеуметтік көмекке eGov.kz порталы арқылы жүгінді. Бұл ағымдағы жылдың II тоқсанында АӘК алушы болмаған азаматтар.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ағымдағы жылдың екінші ІІІ атаулы әлеуметтік көмекті алғандарға үшінші тоқсанда да 1 шілдеден бастап оны ұзартуды көздейтін бұйрық қабылдады. Бұл шара азаматтардың әкімдіктер мен жұмыспен қамту орталықтарына жаппай жиналуын болдырмауға мүмкіндік берді. Осылайша, азаматтардың коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупі азайды.
Өтінішті алғашқы берген кезде жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері мемлекеттік органдардың ақпараттық дерекқорларындағы құжаттарды тексерді. Сонымен бірге, учаскелік комиссиялар өтініш берушілердің мәліметтерін мессенджерлер арқылы көзбе-көз кездесу өткізбестен тексерді.
"АӘК ұзарту кезінде кейбір кірістер ескерілмеді. Мәселен, тәуелсіз жұмыскерлердің 2020 жылғы II тоқсандағы жиынтық табысын есептеу кезінде айлық есептік көрсеткіштің 25 еселенген мөлшеріндегі табысы төтенше жағдай кезеңіндегі шектеулер салдарынан кірісі жоғалған жағдайда бірыңғай жиынтық төлемді және әлеуметтік төлемдерді төлеуге байланысты кіріс ретінде қарастырылмады. Сонымен қатар, азық-түлік пен тұрмыстық жиынтықтарға және төтенше жағдай кезінде коммуналдық шығындарды өтеуге бөлінген ақшалай төлемдер есепке алынған жоқ", - делінген хабарламада.
Бұған дейін, 1-тоқсанда АӘК алушыларға төлемдерді тағайындау сол кездегі төтенше жағдайға байланысты 2-тоқсанда ұзартылған болатын. Осылайша, екінші тоқсанда 561 мың қазақстандық АӘК-ті мемлекеттік органдарға жүгінбей-ақ автоматты түрде алды.
Еске сала кетейік, 14 шілдеде ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне АӘК-ті үстіміздегі жылдың ІІІ тоқсанына қолда бар мәліметтер негізінде проактивті тағайындауды тапсырды.
Түркияда тікұшақ апатқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 23:55
Хоккей • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
«Құрманжан датқа» қандай фильм?
Руханият • Кеше
Балуандарымыз Римдегі жарысты тамаша бастады
Күрес • Кеше
Қостанай облысында кеніш жүк көліктерін әйелдер жүргізеді
Аймақтар • Кеше
Тәуелсіздік көшесінің тұрғындары тізеден балшық кешіп жүр
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында 30 млн дана тал егіледі
Аймақтар • Кеше
«Париж-Ницца» көпкүндігіне қатысады
Спорт • Кеше
Теннис • Кеше
Теңге тұрақты: Баға неге өсе береді?
Қаржы • Кеше
Президент Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-саммитіне қатысты
Президент • Кеше
Сенаторлар ТМД ПАА іс-шараларына қатысты
Қазақстан • Кеше
Түлектер күнінің дайындығы талқыға түсті
Білім • Кеше
Еділ суын алуға қосымша қаражат қарастырылады
Үкімет • Кеше
Ұқсас жаңалықтар