Қандай мамандықтарға гранттар бөлінді, колледжге түсу үшін қандай құжаттар қажет және жеңілдіктерді қалай алуға болады? Осы және басқа да сұрақтарға талапкерлер үйден шықпай-ақ жауап ала алады. Елордалық колледждердің сайттарында виртуалды қабылдау қызметі жұмыс істейді. Ассистенттер келіп түскен сұрақтарға 3-5 минут ішінде жауап береді.
"Біз бес күн бұрын виртуалды қабылдауды іске қостық, қазірдің өзінде 200-ден астам өтініш келіп түсті. Көбі гранттар мен жеңілдіктер бар мамандықтарға құжаттарды қалай тапсыру керегін сұрап жатыр. Ауылдық жерден көптеген өтініштер бар. Виртуалды ассистент 24/7 режимінде жұмыс істейді, бірде-бір сұрақ жауапсыз қалмайды", деді Политехникалық колледждің директоры Қасымхан Сенғазыев.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта барлық кеңестерді колледжге барып алуға болады. Алайда пандемия кезінде қауіпсіздік мақсатында қарым-қатынасты шектеген дұрыс. Виртуалды қабылдау комиссиялары 20 тамызға дейін 33 елордалық колледждің сайттарында жұмыс істейтін болады.