Әлем • 22 Шілде, 2020

Орман аясы тарылып келеді

1083 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

БҰҰ мамандарының мәліметіне қарағанда планетағы орман аясы тарыла түсуде, - деп жазады Egemen.kz

Орман аясы тарылып келеді

Женева қаласында өткен брифингте БҰҰ Орман шаруашылығы, азық-түлік және ауылшаруашылығы бойынша бас маман Ансси Пеккаринен 4,06 млрд гектар жерді алып жатқан орманның (бұл  жер шарындағы құрлықтың 31 пайызы) соңғы 30 жыл ішінде 178 млн. гектарға азайғанына тоқталды.

"Бұл дегеніміз-Ливия мемлекетінің территориясындай жер деген сөз", деді ол. Маманның айтуынша, соңғы кездері орман жұтауы азайып, кеміген тәрізді көрінгенмен қауіп әлі де сейілмей тұр. Әсіресе деген ол Африка мен Оңтүстік Америкадағы жасыл желектің жер бетін көмкеруі осыдан 30 жылғы кейіппен мүлде салыстыруға келмейді деген.