18 Қазан, 2013

Қытай жеріндегі жылы шырайлы жүздесулер

300 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин бастаған қазақстандық парламенттік делегация қазан айының 14-17-сі аралығында Қытай Халық Республикасында болды.

Мәжіліс депутаттары Халық өкіл­дері Бүкілқытайлық жина­лы­сын­дағы өздерінің әріп­тес­терімен кездесіп, өңірлерге атбасын тіреді. Қазақстан мен Қытай – стра­те­гиялық әріптестер және тату көршілер. Дипломатиялық қа­рым-қатынас орнаған 21 жылдың ішінде өзара ықпалдастық қар­қын­ды әрі жемісті дамып келеді.

Екі ел көшбасшыларының кездесулері қос мемлекеттің көпжақты әріптестігін ынты­мақтастықтың жоғары деңгейіне жеткізді.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин бастаған қазақстандық парламенттік делегация қазан айының 14-17-сі аралығында Қытай Халық Республикасында болды.

Мәжіліс депутаттары Халық өкіл­дері Бүкілқытайлық жина­лы­сын­дағы өздерінің әріп­тес­терімен кездесіп, өңірлерге атбасын тіреді. Қазақстан мен Қытай – стра­те­гиялық әріптестер және тату көршілер. Дипломатиялық қа­рым-қатынас орнаған 21 жылдың ішінде өзара ықпалдастық қар­қын­ды әрі жемісті дамып келеді.

Екі ел көшбасшыларының кездесулері қос мемлекеттің көпжақты әріптестігін ынты­мақтастықтың жоғары деңгейіне жеткізді.

Мемлекетаралық байла­нысты нығайтуда біздің мемле­кет­теріміздің заң шығарушы органдарының да ықпалы зор.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин мен Халық өкілдері Бүкілқытайлық жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжан Дэцзян алдағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады.

Тараптар Қазақстан-Қытай әріптестік деңгейін жоғары бағалады. Осы жолда мемлекет көшбасшыларының қол жеткізген келісімдері өзара тү­сіністік пен тату көршілік жағдайында қарқынды және сындарлы даму жолына түскен мемлекетаралық қарым-қа­ты­настың жарқын үлгісіне айнал­ған­дығына баса назар аударылды.

Нұрлан Нығматулин мен Чжан Дэцзян Қазақстан Прези­ден­ті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің ұзақ мерзімді құжаттарында көрсетілген мақсаттарды заң­на­малық қамтамасыз ету бағы­тында парламенттер алдында үлкен міндеттер тұрғанын атап өтті.

Қазақстандық және қытай­лық парламентшілердің алдағы бірлескен әрекетке байланысты жоспарлары зор.

Оған Қазақстан Парламенті Мәжілісі мен Халық өкілдері Бүкілқытайлық жиналысы арасында қол қойылған меморандум мысал бола алады.

– Қытайда өткен барлық кездесулер Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ха­лық­­аралық беделі өте жоға­ры екенін көрсетті. Бұл жерде Президентіміздің барлық бас­тамаларын Қытай Респуб­ли­касының Парламенті де, Үкімет мүшелері де, қарапайым халық та өте жақсы біледі. Ол екі елдің парламентаралық байланысын нығайтуға да ерекше серпін беретіні сөзсіз. Сондықтан біздің парламенттеріміз арасында арнайы келісімге қол қойылды. Бұл құжат Елбасының және Қытай Төрағасының стратегиялық келісімдерін заң жағынан қолдауға да ықпал етеді деп сенеміз, – деп атап өтті Нұрлан Нығматулин.

Бұл қол қойылған келісімнің мақсаты – ауқымды мәселелер бойынша әріптестік жөніндегі топтар мен парламенттің салалық комитеттері арасында заң шығар­ма­шылық жұмыстар бойынша тәжірибе алмасу. Сонымен қатар, халықаралық парламенттік ұйым­дар аясында өзара қолдау көрсету.

Халық өкілдері Бүкілқытайлық жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжан Дэцзян да екі мемлекет басшыларының келісімдерін табысты жүзеге асыру үшін парламентаралық қатынасты нығайтудың маңызы зор екенін атап өтті.

Келіссөздер қорытындысы бойынша қазақстандық тарап тиімді үнқатысу алаңы ретінде әріптестік жөніндегі парламентаралық комиссия құруды ұсынды.

Бірлескен парламенттік комиссия жиыны келесі жылы Астанада өтеді деп жоспарланған.

Мәжіліс депутаттары Сиань қаласында болып, Шэньси провинциясындағы Халық өкілдері жиналысының төрағасы – партия комитетінің хатшысы Чжао Чжэнюнмен кездесті.

Қазақстандық өкілдер провинцияның әлеуметтік-экономикалық дамуымен, орталықтың аймақтармен өзара байланысымен, өкілетті органдар билігінің аймақтардың қызметіне қатысты мәселелерімен де танысты.

Нұрлан Нығматулин Чжао Чжэнюнмен болған әңгіме барысында біздің елдерді стратегиялық әріптестік қатынастар байланыстырып тұрған тату көрші ретінде атап өтті. 1700 шақырымнан асатын ортақ шекара Қазақстанның шығыс аймақтары мен Қытайдың батыс аймақтарын қамтып, ынтымақтастық пен достықтың айшықты белгісіне айналып отыр. Тауар айналымының жартысына жуығы шекарааралық ынтымақтастықтың арқасында жүзеге асырылып жатыр.

Сонымен бірге, Мәжіліс Төрағасы Қазақстан-Қытай парламентшілерінің басты мақсаттарының бірі байланысты нығайтып, шекаралық аймақтардың жан-жақты ынтымақтастығын қолдап, заңнамалық жағынан қамтамасыз ету екенін жеткізді.

Тараптар аймақтарды дамыту бойынша реформаларды заң жүзінде қамтамасыз ету тәжірибелерімен алмасты.

Шэньси провинциясында Қазақстан делегациясына ерекше әрі өте бағалы сыйлық табыс етілді. Ол жергілікті суретші бамбук қағазынан жасаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті.

Чжэн Фулин қытайлықтарға кеңінен танымал. Ол Аспанасты елінде ерекше құрметтелетін мемлекет басшыларының суреттерін салумен айналысады.

– Мен сіздердің Президенттеріңізді мойындалған Көшбасшы ретінде өте қатты сыйлаймын. Осы терең құрметімнің белгісі ретінде оның суретін салдым. Қазіргі уақытта Қазақстанды және оның қиялға бергісіз Астанасын көруді армандаймын, – дейді суретші.

Қытай суретшісінің қолынан шыққан Қазақстан Президентінің суреті Қазақстан мен Қытай халықтары достығының нақты көрінісі болып табылады.

Сәулебек БІРЖАН.

Соңғы жаңалықтар